Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ведомстволық архиві 1946 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының құрамында, Ғылым академиясының архиві болып, құрылған болатын.
Бұнда Қазақстан Ұлттық академиясының және оның ғылыми мекемелерінің ғылыми және ғылыми – ұйымдастырушылық қызметіне байланысты, 1932 – 2004 жылдардағы Қазақстан ғылымын сипаттайтын, әр түрлі тарихи дәуірлерді, әлеуметтік – экономикалық жүйені, Академиялық ғылымның көрнекті қайраткерлерінің атымен тығыз байланысты отандық ғылымның қалыптасу және даму тарихын қамтитын ғылыми құжаттар жинақталған.
Ведомстволық архивтің негізгі қызметі архивтік қорлардың құрылуын және сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінгі күні Ведомстволық архивте 94 ұйымның 146 қоры сақталуда, олардың ішінде 52 жеке пайда болған қорлар, 1 фотоқор болса, сақталып отырған құжаттардың жалпы саны 119943 жетеді.
Архивтік қорлардың мазмұны да ерекше болып табылады. Қызмет бағдарына қарай мұрағатта: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің орталық аппаратында және оның алдында болған ұйымдарда 1936 – 1996 жылдар аралығында қызмет істеп, қызметтен босатылған азаматтардың жеке істері;
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының басқару органдарының құжаттары;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі орталық аппаратының құжаттары;
Басқару құжаттамасы;
Ғылыми – техникалық құжаттамасы;
Ғылыми – зерттеушілік құжаттамасы;
Диссертациялық жұмыстар;
Жеке пайда болған құжаттар;
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының бірінші құрамына ғылым, техника және мәдениет салаларының көрнекті қайраткерлерінен тұратын: 14 академик және 16 корреспондент – мүшелері кірді.
Ұлттық академияның алғашқы, жалпы жиналысында оның Президенті болып КСРО ҒА корреспондент – мүшесі, Қаз ССР ҒА академигі Қаныш Сатбаев сайланды.
Академия іргесінде: геолого – географиялық, техникалық және химиялық ғылымдар; физика – математикалық; биология және медицина; қоғамдық ғылымдар бағыттарында 4-бөлімше құрылды.
Бұл бөлімшелер 16 ғылыми – зерттеу институттарын, 9 секторды, республикалық обсерваторияны, республикалық ботаникалық бақты қамтыды.
«Ғылым ордасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының архив қорының құрамы былайша сипатталады. Қор құжаттарының арасында ғылым және мәдениет қайраткерлерінің жеке, туынды қорлары өзіндік елеулі орын алып, онда ғалымдардың, Қазақ ССР ҒА толық мүшелерінің және корреспондент мүшелерінің: тарихшылар – Е.Б. Бекмаханов., А.Б. Бектұров., Г.Ф. Дахшлейгер., Т.Е. Елеуов., А.Н: Нүсіпбеков., С.Н. Покровский., әдебиеттанушылар: Н.Т. Сауранбаев., М.С. Сильченко., экономистер: Г.Ч. Чуланов., А.К. Қуанышев., С.Б. Бәишев., археологтар: Г.И. Пацев., Х.А. Алпысбаев., химик: М.И. Горяев., ботаник: В.П. Михайлов., геолог: Барбот де Марин., В.К. Монич., математиктер: Т.И. Аманов., К.П. Персидский., металлургтер: А.Л. Цефт., В.Д. Пономарев., астраном: Г.А. Тихов., топырақ зерттеуші: А.И. Безсонов және басқалардың ғылыми еңбектері, биографиялық құжаттары, қолжазбалары, хаттары және фотографиялары сақталуда.
Архив қорларының қоймаларында Ғылым академиясы Президиумы аппаратының, оның секцияларының, бөлімшелерінің қызметтік құжаттары, білім салалары, басқару, ғылыми кеңестер жайлы мәліметтер сақталады.
Қаз ССР ҒА Физика – математика ғылымдары бөлімшесінің құжаттары;
Қаз ССР ҒА Биология ғылымдары бөлімшесінің құжаттары;
Қаз ССР ҒА Химия – техника ғылымдары бөлімшесінің құжаттары;
Қаз ССР ҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің құжаттары;
Құжаттама секторының құрамына және құжаттарды сақтауды ұйымдастыру құрамына Қазақстанның Өндіргіш күштерін зерттеу кеңесі (ӨКЗК) және Орталық ғылыми кітапхана кіреді.
Құжаттарды сақтау секторының қорында: физиология ғылымдары бойынша — Біріккен Ғылыми Кеңестің, қоғамдық ғылымдар бойынша -Біріккен Ғылыми Кеңестің, институттардың — Біріккен Ғылыми Кеңесінің басқада материалдары сақталады.
Фотоқорда – қазақстан ғылымының даму тарихының фотографиялары сақталады.
Архив әлеуметтік – құқықтық сипаттағы, зейнеттік және еңбек өтілін анықтау сұраныстарына байланысты өтініштерге үлкен маңыз береді.
Құжаттармен қамтамасыз етуді жетілдіру үшін ақпараттық іздестіру жүйесін енгізу бойынша жұмыстар үнемі қолға алынуда.
Архив қорларының құрамын анықтайтын қысқаша түсіндірме және осы қорлардың аталуының тізімі және жеке қорлардың құрылымдық тізімдерінің аталуын көрсететін жолсілтеме бар.
Сонымен қатар, архив зерттеу жүргізуге көмек, анықтама, әр түрлі кеңестер сияқты қызметтер көрсете алады.