Қазақ ССР Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының №33 қоры жайында

АЛҒЫСӨЗ

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қазақ ССР Ғылым академиясының жеке ғылыми – зерттеу мекемесі болып, Қазақстан КП ОК және Қаз ССР Министрлер Кеңесінің 1960 жылдың 18 мамырындағы №472 Қаулысына және Қазақ ССР Ғылым академиясы Президиумының 1961 жылдың 6 мамырындағы №5/І «Әдебиет және өнер институтының құру туралы» Қаулысына сәйкес 1961 жылдың маусымынан бастап жұмыс істей бастады.

Қаз ССР Министрлер Кеңесінің және Қазақ ССР Ғылым академиясы Президиумының Қаулысымен дарынды совет жазушысы, Қазақ Ғылым академиясы құрылтайшыларының бірі, республикадағы филология ғылымының негізін салушы, Ленин сыйлығының лауреаты М.О. Әуезовтың есімін есте сақтау үшін жаңа Әдебиет және өнер институтына М.О. Әуезовтың есімі берілді.

1945 жылға дейін Институт Тарих, тіл және әдебиет институтының құрамында Сектор ретінде қызмет атқарды. 1946 жылдан бастап, 1961 жылға дейін Қазақ ССР Ғылым академиясының құрамында болды. 1961 жылдың мамыр айының аяғына дейін өнер секторы Қазақ ССР Ғылым академиясы Президиумының құрамында, ал 1961 жылдың маусым айынан бастап жаңадан құрылған Әдебиет және өнер институтының құрамына кірді.

Институт құрамында 8 ғылыми – зерттеу бөлімдері: қазақ фольклоры бөлімі, қазақ, совет әдебиеті бөлімі, қазақ әдебиеті тарихының бөлімі, әдебиеттер арасындағы байланыс бөлімі, текстологиялар және қолжазбалар бөлімі, театр және бейнелеу өнері бөлімі, музыка өнері бөлімі және М.О. Әуезовтың Мұражай – бөлімі.

1960 жылдың бас кезінде қазақ әдебиеттанушыларының күшімен ауызша ақындық шығармашылық ескерткіштерін жинау, реттеу, зерттеу және жария ету, революцияға дейінгі және революциядан кейінгі дәуірдегі ақындар мен жазушылардың шығармашылық мұраларын зерттеу саласында бір қатар жұмыстар жасалды.

Институттың соңғы он жылғы жеке ғылыми мекеме ретіндегі өмірінде зерттеулер келесі бағыттар: қазақтың ауызша халық шығармашылығы, қазақтың революцияға дейінгі әдебиетінің тарихы, қазақ, совет әдебиетінің

мәселелері, әдебиеттер арасындағы байланыс және қарым – қатынас, музыкалық, театр және бейнелеу өнері бойынша жүргізіліп келді.