Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылымкомитеті «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағыреспубликалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы №84 қаулысымен құрылған.

Бұл ғылым аясындағы интеллектуалдық әлеуеттің шоғырлануынжәне өзара іс-қимылын, сондай-ақ ғылым мен білім беру сала-сындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын көпфункционалды орталық.

Ғылым ордасының ғимараты белгілі Мәскеу сәулетшісі А.Щусевтің- Мәскеу қаласындағы Қазан вокзалы мен В.И.Лениннің мавзолейі,Тәшкент қаласындағы Ә.Науаи атындағы Опера және балет театрысияқты көрнекті сәулет өнері авторының іске асырылған жобаларының қатарына кіреді. Сәулет өнерінің қайталанбас үлгісіне айналғанғимарат елдің бірегей тарихи ескерткіші ретінде республикалықмаңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген және мемлекет қорғауында тұр.

Ғылым ордасында 2011 жылғы 1 желтоқсанда өткен Қазақстанғалымдарының форумында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаев өз сөзінде мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуда Қазақстанғылымының жетекші рөлін айқындау қажеттігін ерекше атап өтті. Ғылыми ұйымдар алдындағы үлкен міндеттер «Қазақстан-2050» стратегиясында» да белгіленген.

Елдің ғылыми әлеуетінің маңызды құрамдасы бола отырып, Ғылым ордасы өз қызметін мұражай ісі, кітапханатану және басқа да ғылымның басым бағыттары саласындағы ғылыми, ғылыми техникалық бағдарламалар мен жобалар әзірлеу және іске асыру; тарихи-мәдени және ғылыми мұраны сақтау мен дамыту, оны одан әрі зерделеу және жан-жақты насихаттау; кітаптар мен құжаттардың барынша толық ғылыми кітапханалық-ақпараттық қорын құру төңірегінде топтастырады.

Кәсіпорынның жалпы ауданы 39 мың шаршы метрдей болатын ғимараттар кешені түріндегі дамыған базасы бар, онда «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық қоры, «Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне бағынысты гуманитарлық және жаратылыс бейініндегі 10 ғылыми-зерттеу институты орналасқан.

Ғылым ордасында кітапханатану, библиография, ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың аса ірі ақпараттық-үйлестіру орталығы — 5,6 миллион кітап қоры бар Ғылыми кітапхана шоғырландырылған.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мұражайларды дамыту, елдің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу және танымал ету болып табылады. Ғылым ордасы базасында Қазақстан ғылымының тарихы, табиғат, археология және сирек кездесетін кітаптар мұражайлары жұмыс істейді. Халықтың сан ғасырлық тарихы мен дәстүрін сақтай және насихаттай отырып, Ғылым ордасының мұражайлары мәдени мұраны есте сақтаудың баға жетпес институты және ИКОМ халықаралық мұражайлар кеңесінің белсенді мүшесі ретінде Қазақстанның мұражайтануында айрықша орын алып отыр.

2014 жылдан бастап ғылым мен білімді интеграциялау мақсатында Ғылым ордасының базасында ҚР БҒМ Ғылым комитеті ғылыми-зерттеу институттарының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлескен ғылыми кадрларды даярлау орталығы құрылып, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда.

Өзінің ерекше статусына байланысты Ғылым ордасы көптеген стратегиялық салалардың түрлі көкейтесті мәселелер бойынша пікір алмасатын үндесу алаңына жиі айналады. Кәсіпорын базасында халықаралық және республикалық маңызы бар ірі әлеуметтік-маңызды іс-шаралар өткізіледі. Осы мақсаттар үшін заманауи техникалық жабдықтармен жарақтандырылған 442 орынға арналған үлкен конференц-зал, 120 орындық кіші конференц-зал, 80 орындық конференц-зал, 371 орындық концерт залы, 100 орындық кинозал, қысқы бақ, «дөңгелек үстелдер» және басқа да іс-шаралар өткізуге арналған зал, баспасөз клубы қызмет көрсетуде.

Әрбір сектордың нақты жұмысын тиімді ұйымдастыра отырып, Ғылым ордасы Қазақстан ғылымын ілгерілетуге бағдарланған өзінің даму моделін қалыптастыруда.