«Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастыруымен 2012 жылдың 18 мамырында сағат 09.30-да «Ғылым ордасы» кешенінде ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІ-нің 35 жылдығына арналған «МУЗЕЙЛЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИ ТУРИЗМ» атты салтанатты іс-шара өтті.

Қоғам дамуындағы мұражайлардың өзіндік орнын жұртшылықтың жақсы тануын қамтамасыз ету үшін Халықаралық Мұражайлар Кеңесі (ICOM) 1977 жылы 18 мамырды – Халықаралық мұражайлар күні (IMD) деп жариялады.

Халықаралық мұражайлар күні (IMD) – Еуропа, Азия және Африка, сондай-ақ Америкадан Океанияға дейінгі елдерде, олардың мұражайлар қауымдастығы үшін – бұл ерекше мереке. Бұл күнді мұражайлар мәдени ұйымдарға қатысты мәселелерді бірлесіп шешуге бағыттайды. Халықаралық мұражайлар күні – мұражай ісінің кәсіби шеберлерінің жұртшылықпен қауышуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мұражайлар – қоғамның дамуы үшін қызмет ететін мекемелердің бірегейі.

Салтанатты іс-шараның негізгі мақсаты: Еліміздің және ірі халықаралық мәдени туризм саласындағы орталықтарының бірі, сондай-ақ аймақтық және әлемдік деңгейдегі мәдени астаналардың қатарында өзіндік орны бар Алматы қаласының мәртебесін көрсете отырып, қоғамның мәдени қалыптасуында мұражайларының маңызын арттыру арқылы қала мәдениетінің дамуына жаңаша серпін беру.

Салтанатты іс-шараға мұражайлардың басшылары мен қызметкерлері, қаланың мәдениет саласын басқаратын басшылары, Қазақстан туристік қауымдастығының және туристік компаниялардың өкілдері, ЮНЕСКО мен Британ Кеңесінің мамандары қатысты.

Іс-шара «Ғылым ордасы» РМК Бас директорының кіріспе сөзімен ашылды.

Сөз сөйлегендер:

Досжан Манат Әбсадыкқызы, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бас маманы.

Бурумбаева Любовь Александровна, Алматы қаласы Туризм басқармасының бөлім бастығы.

Пешков Юрий, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Бюросының мәдениет жөніндегі маманы.

Инга Чугальская, Алматы қаласындағы Британ Кеңесінің мәдениет жөніндегі бағдарламаларының үйлестірушісі.

Шәйкенова Рашида Шәйкенқызы, Қазақстан туристік қауымдастығы директоры.

Сонымен қатар «Ғылым ордасы» РМК мұражайларымен таныстыру және «Табиғат мұражайының» палеонтологиялық залының ашылуы болды.

Бұл іс-шара туралы «Евразия» Бірінші каналының журналистері былай деп жазды: «Бүгін халықаралық мұражайлар күні. «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны осы күнге орай «Табиғат мұражайының» палеонтологиялық залын ашты. Онда қазақстанның палеонтолог ғалымдары тапқан аса құнды экспонаттар қойылған.