Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосқан аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы, ҚазКСР-і Ғылым Академиясының академигі, Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойы құрметіне «Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар мұржайы, Д.А.Қонаев мұражайы және Орталық ғылыми кітапхана ЕМК бірлесіп, Д.А.Қонаевтың жеке кітапханасындағы қолжазбасы мен кітаптарының көрмесінің ашылуын өткізді.

Көрмеге К. Нәрібаев, У. Қалижан, Е.Жексенбек, Б.Рамазанова сияқты қоғам, ғылым, мәдениет қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысуымен «Д.А.Қонаев және оның Қазақстан ғылымындағы орны» атты дөңгелек үстелге ұласты. Дөңгелек үстел барысында Орталық ғылыми кітапханада қайраткердің 100 жылдығына арнайы «Ұлы тұлғалар» сериясымен дайындаған Д.А.Қонаев кітабының және био-библиографиялық көрсеткішінің тұсауы кесілді.

Д.А.Қонаевтың жеке кітапханасындағы қолжазбасы мен кітаптарының көрмесін келіп көремін деушілерге аптаның жұмыс күндері, «Ғылым ордасы» РМК жанындағы Сирек кездесетін кітаптар мұражайының есігі әрдайым ашық. Жұмыс уақыты: сағат 9:00-ден 18:00 дейін. Көрме келесі маусым айының 14-ші жұлдызына дейін жалғасады.

Анықтамалық байланыс телефондары: 272-57 45, 261-42-69

Ақпараттық анықтамалық сайт: http://rbmuseum.gylymordasy.kz