2014 жылдың 6 наурызында Ғылым ордасында салтанатты мерекелік іс- шара өтті. ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сарінжіпов ғалым және ұстаз әйелдерді 8 наурыз халықаралық мерекесімен құттықтады.

Аталмыш шараға Жоғары оқу орындарының педагогтары, ғалым әйелдер және мектеп ұстаздары қатысты. Іс- шара барысында үздік әйел қызметкерлер арнайы наградалар мен Мақтау қағаздарымен марапатталды. Бұдан әрі жиылыс мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Бағдарламада П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі мен Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық- цирк колледжінің және О. Таңсықбаев атындағы Алматы қолданбалы- сәндік өнер колледждерінің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.