Жапонияның Қазақстандағы елшісі Тацухико Касаи Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры  Әбсаттар қажы Дербісәліні Жапония үкіметінің «Күншығыс, Алтын шуақ орденімен» марапаттады. Аталған орден Жапон императорының бұйрығымен Жапониямен достық қарым-қатынастарда көрнекті үлес қосқан шетел азаматтарына беріледі.

Атап өткен жөн, Әбсаттар Дербісәлі – Жапонияның марапатын алған алтыншы қазақстандық.

Әбсаттар Дербісәлі Қазақстандағы жапон тілінің дамуына және екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығаюына қосқан үлесі үшін марапатталды.

«Бүгін Жапония императорының «Күншығыс. Алтын шуақ» орденін Әбсаттар Дербісәліге табыстаймын. Жапония мен өз елінің арасындағы қарым-қатынасты дамытуға үлес қосқаны үшін бұл орденмен шетелдік азаматтар марапатталады. Әбсаттар Дербісәлі Қазақстанда жапон тілін үйренуге үлес қосқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Бұған дейін Қазақстанда бұл орден 5 адамға табысталған», – деді Жапонияның төтенше және өкілетті елшісі.

2008 жылы Тұңғыш  Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Үлкен лентадағы Хризантема орденімен» марапатталды. 2006 жылы Қазақстандағы жапон тұтқындардың зиратын іздеумен айналысқан тарихшы Асқанбек Алданазаров, 2017 жылы «Невада-Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың президенті Олжас Сүлейменов, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков және Астана Медицина университеті Директорлар кеңесінің төрағасы Төлебай Рахыпбек «Күншығыс, Алтын шуақ орденімен» марапатталған.

https://egemen.kz/article/207118-absattar-derbisali-zhaponiya-ukimetininh-ordenimen-marapattaldy