Елбасымыз Н.Назарбаев бастап, қалыптастырған еліміздің көпвекторлы сыртқы саясат тұжырым­дамасы, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев тарапынан сабақтастықпен жалғасын табуда. Президентіміздің БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы барысында шетел басшыларымен, халықаралық ұйымдар төра­­ғаларымен өткен кез­десулерінен, сессия барысында жасаған баяндамасынан осыны байқауға болады.

Президент Қ.Тоқаев Швей­цария, Болгария, Польша, Гру­зия, Украина, Иордания елдері­нің басшыларымен кездесу ба­рысында екіжақты қарым-қаты­настардың бүгінгі жағдайын талқылап, елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мә­се­лелерін қарастырды. Қазақ­станның аймақтағы және әлем­дегі саяси, қауіпсіздік, өр­ке­ниеттік, экономикалық, эко­­ло­гия­лық мәселелерге қатыс­ты бас­тама көтеріп, оны шешу жолында жүр­­гізіп келе жатқан табысты сая­саты мен бас­тамалары әлем ел­дері та­ра­пынан оң бағаланып отыр.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесу барысында Мемлекет басшысы БҰҰ-ның халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдаудағы, ха­лықаралық қақтығыстардың ал­дын алу мен реттеудегі бас­шы­лық рөлін ерекше атап өтіп, бұл мәселеде біздің еліміз барынша қолдау көрсететіндігін жеткізді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы барысында жасаған баяндамасында Мемле­кет басшысы Қ.Тоқаев әлемдегі қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлді және соңғы кез­дері жаһанның түрлі аймақ­тарында орын алып, шешіл­мей жатқан қарама-қай­шы­лықт­ар­ды атап өтіп, әлемдік дер­жавал­ардың әскери текеті­рес алдында тұрғанын ескерт­ті. Елдер арасындағы өзара сенім­нің азаюына байланысты, жаһандық қауіпсіздік архитектурасы бұзылып, қару-жарақ бәсекелестігі қайта жандануда. Бұл сауда соғысы, санкциялар, кибертехно­логия­лар, космос­тағы қарама-қай­шы­лықтармен жал­ғасып, дағда­рысты одан әрі күшейте түсуде. Осын­да­й күр­делі жағдайды түсіне оты­рып, Қазақстан жалпыға ор­тақ тұрақты дамуды, елдер ара­сын­дағы тең қарым-қ­аты­насты және бейбітшілік жо­лын­дағы іс-әрекеттерді қолдай­тындығын жариялады. Бұл бағытта нәтижелі жұмыс істеп, нақты іс-қимылдар жүр­гізу­ге Қазақ­станның әлеуеті мен тәжі­ри­бесі жеткілікті деп айтсақ болады.

Нұрлан Сейдін – “Ғылым ордасы” РМК Бас директорының
ғылым және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары,
тарих ғылымының кандидаты

Толығырақ: https://egemen.kz/article/209814-qazaqstan-oz-ustanymyn-dgariyalady