2018 жылдың 11 қаңтарында «Ғылым ордасы» РМК мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатары ғылым саласы қызметкерлерімен арнайы кездесуі өтті. Іс- шараға Қазақстанның ғылымы мен білімінің дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Серік Сейдуманов, Бейбіт Мамраев, Кәрібай Мұсырман және «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Тәбеев қатысты.
Жиында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына сәйкес отандық ғылым саласын дамыту, ғалымдарды қолдау, ғылыми жаңалықтарды коммерциялау, латын графикасы, терминология және аударма мәселесі, білім саласындағы қағазбастылықты жою, интернеттегі балалар мен жасөспірімдер құқығы т.б. мәселелер қозғалып, депуттаттар өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары да өзіндік ойларын бөлісіп, ғылым саласындағы өзекті мәселелермен бөлісіп, отандық ғылымды әрі қарай дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстар жасады.