2018 жылдың 22 маусымында «Ғылым ордасы» РМК концерт залында “Ғылым Қоры” акционерлік қоғамының қызметкерлері ғалымдармен кездесті. Кездесу барысында, 2018 жылға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы конкурстың өткізілетіні жайында хабарлады. Сонымен қатар, конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің (www.sc.edu.gov.kz) және «Ғылым Қоры» АҚ (www.science-fund.kz) сайттарында толықтай жазылғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, конкурсқа қатысудың шарттарын толықтай түсіндіре отырып, кездесу соңында көпшілікті толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Айта кететін бір жайт, конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді беру туралы сұрақтар бойынша  8 (7172) 76-85-78; 26-63-59 телефоны арқылы және info@science-fund.kz  электронды поштасы арқылы толыққанды ақпарат алуға болады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 18 маусымынан 1 тамызына дейінгі аралықта қабылданады.

Конкурстық өтінімдер www.e-cloud.asia сайтындағы электронды өтінімдерді қабылдау жүйесі арқылы жүзеге асады.