2020 жылдың 8 қаңтарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылым ордасы» РМК-да Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының Алматы қаласының ғылыми қауымдастығымен кездесуі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Серік Сейдуманов пен Ольга Шишигина және Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Макежанов, «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Бауржан Төлтаев, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Болат Садықов, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, жас ғалымдар мен «Ғылым ордасы» РМК қызметкерлері қатысты. Іс-шараны «Nur Otan» партиясының «Ғылым ордасы» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының бас директоры Мақсат Қалимолдаев жүргізді.
Өткен жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын және «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын іске асыру аясында, Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, маңызды заң жобалары дайындалды. Кездесу барысында депутаттар өткен жылдың қорытындысын шығарып, сондай-ақ отандық ғылымның одан әрі даму перспективаларына қатысты мәселелер қозғалды.
Іс-шара соңында ғалымдар оларды қызықтыратын сұрақтар қоюға, сондай-ақ депутаттардың қарауына бірқатар ұсыныстар енгізуге мүмкіндік алды.