2018 жылдың 3 шілдесінде “Ғылым ордасы” РМК базасында бітіруші магистранттар мен доктаранттарға салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті. Жиынды “Ғылым ордасы”РМК ғылыми кадрларды даярлау Орталығы мен әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетімен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Бүгінде мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында білім алған түлектер қанат қақты. Өткен жылы 66 түлек магистрлік гуманитарлық және жарытылыстану ғылымдары бағытында диплом алса, биылғы жылы 206 магистрант диплом алып отыр. Сонымен қатар, былтырғы жылы алғаш рет 47 докторант түлеп ұшса, биыл 83 докторант оқуын тәмамдап отыр. Салтанатты мерекеге Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктері, ғылыми-зерттеу институттарының директорлоры және қызметкерлері, жетекші ғалымдар, сондай-ақ PhD докторанттар мен магистранттар, студенттер, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұстаздары бітіруші түлектердің жақындары да қатысты. Шара барысында, магистранттарға диплом тапсырумен қатар, біршама оқытушылар мен түлектер алғыс хаттарға ие болды.