ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің екінші отырысы 2019 жылы 23 тамызда ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК-да өтті.

Шараның модераторы жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі М.К. Жабагин болды.

Отырыс барысында кездесуге қатысушылар құжатты бір мағыналы түсіндіру және оның қызметін нақты регламенттеу мақсатында Кеңес туралы ереженің кейбір тармақтарына түзетулер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туралы мәселелер пысықталды. Сондай-ақ, ғалымдардың қарауына жас ғалымдар кеңесі мүшелерінің құрамын және қолданыстағы Ережеде көрсетілген оларды іріктеу критерийлерін өзгерту туралы мәселелер енгізілді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылымын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын талқылау шеңберінде кездесуге қатысушылар ұсынылған нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштердің түсініктілігі, жеткіліктілігі және өзектілігі сияқты өлшемдер бойынша бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері мен нысаналы индикаторлары бөлігінде ҚР БжҒМ жобасын талдау қажеттігін атап өтті.

Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері сондай-ақ 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған жас ғалымдар арасындағы конкурстың қорытындысы бойынша ғылымның басым бағыттары арасында бюджет қаражатын бөлу, сондай-ақ қолданыстағы ғылыми дәрежелер беру ережелеріне өзгерістер енгізу мәселелерін қозғады.