ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің бірінші отырысы ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың қатысуымен 2019 жылы 10 тамызда ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК-да өтті.

Отырыстың күн тәртібіне Қазақстан Республикасының ғылымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылымын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы мен төраға орынбасарын дауыс беру жолымен сайлау бойынша өзекті мәселелер шығарылды.

Көпшілік дауыспен кеңес төрағасы болып ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі М.К. Жабағин сайланды. Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары болып әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің PhD кандидаты Г.О. Нұрша сайланды.

Отырыс жұмысы барысында Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығының» директоры Б.Н. Кеңесов, «Қазақ технология және бизнес университеті»акционерлік қоғамының ғылым, инновациялық технологиялар және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры Е.К. Айбульдинов, Нұр-сұлтан қ. ҚР Энергетика министрлігі «Ядролық физика институты» филиалының директоры А.А. Ермұхамбетова, сондай-ақ «Энергетика және машина жасау» бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңестің төрағасы М.В. Здоровец баяндамалырын оқыды. Б. Н. Кеңесов өзінің «PhD докторы дәрежесін беру үшін жарияланымдарға оңтайлы талаптарды анықтау туралы мәселеге» атты баяндамасында журналдың рейтингісіне байланысты халықаралық рецензияланатын ғылыми басылымдарда және БҒСБК ұсынған басылымдарда докторанттардың жарияланым санына баламалы талаптар жасауды ұсынды.

Министр ғылым саласында болып жатқан негізгі өзгерістерді ұсынды. Сондай-ақ, ол докторантура және постдокторантура бағдарламаларын жүзеге асыру, ғылыми журналдардың базалық сипаттамаларын жетілдіру, диссертациялар мен ғылыми жетекшілерге қойылатын талаптарды арттыру сияқты өзекті мәселелер бойынша жас буын өкілдері тарапынан ұсыныстар әзірлеу қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, А.Қ. Аймағамбетов келесі бес басым бағыт бойынша тиімді ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс топтарын құруды ұсынды:

– докторантура және постдокторантура институтын дамыту;

– ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар;

– ғылыми жетекшілерге қойылатын талаптар;

– ғылымда қаржыландыру мәселелері (салық заңнамасы бойынша ұсыныстар; ғылыми жобаларды базалық қаржыландыру және ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру);

– магистратураға және докторантураға түсу талаптары, соның ішінде, тағылымдама сұрақтары.

Өз кезегінде кездесуге қатысушылар жас ғалымдар кеңесі туралы Ереженің тармақтарын бір мағыналы түсіндіруге қол жеткізу мақсатында Кеңестің келесі отырысында әзірленген ұсыныстарды ұсыну үшін қолданыстағы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау туралы шешім қабылдады.