2018 жылдың 14 желтоқсанында «Ғылым Ордасы» республикалық мемлекетік мекемесінде тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өтті. Шара барысында, бір топ қызметкерлер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілігінің ведомаствалық наградасымен марапатталды.
 
«Ғылым ордасы» республикалық мемлекетік мекемесінің бас директорының орынбасары Н.Сейдін «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болса, сирек кездесетін кітаптар қоры музейінің қызметкері Г.Егеубаева Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің бұйрығымен «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
 
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілігінің құрмет грамотасымен мекемеміздің бас бухгалтері А. Абдулина, табиғат музейінің қызметкері Г.Назымбетова марапатталды. Сондай-ақ, ұйымдастыру-мәдени және көпшілік жұмыстар бөлімінің жетекшісі Д.Ақбасов алғыс хатпен марапатталды.
 
Шара соңында, «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтап, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен іскерлігіне алғысын білдіріп, өз кезегінде жұмыста толағай табыс пен мықты денсаулық тіледі.