2018 жылдың 30 қарашасында «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналаған салтанатты шара өтті. Іс-шараны«Ғылым ордасы» РМК бас директоры Бауыржан Төлтайұлы Төлтаев құттықтау сөзбен ашып, өз сөзінде Қазақстанның тарихи кезеңдерін еске ала отырып, мекеме басшысы Елбасының республикаға сіңірген зор еңбегін атап өтті. «Бүгін Қазақстан тұрақты саяси құрылымы, биік экономикалық көрсеткіштері, жоғары адам капиталы бар даму үстіндегі жас мемлекет. Біздің еліміз күннен-күнге дамып келеді. Мұның барлығы да елбасымыздың сындарлы саясатының арқасы», – деді.

Салтанатты жиынға академиктер, ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, «Ғылым ордасы» РМК қызметкерлері қатысты.

Мерекелік шара аясында концерт ұйымдастырылып, «Хассақ» этно-фольклорлық ансамблі көпшілікке өнер көрсетті. Аталмыш ансамбль халық аспаптарының сүйемелдеуімен түрлі күйлер мен ел аузындағы әндерден сыр шертті. Атап айтқанда, «Аманат», «Аққу», «Жекпе-жек», «Тарту» т.б. туындылар болды.