70 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы құрылған. Қазір Алматыда академияның мерейтойына орай Елбасы, академик Нұрсұлтан Назарбаевтың, қазақстандық және шетелдік зиялы қауымың қатысуымен салтанатты жиын өтіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Шараның ашылу салтанатында ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов мемлекетіміздің құрылуы мен дамуындағы академияның маңыздылығын айтты.

«Шамамен 70 жыл бұрын Қазақ ССР Ғылым академиясы ашылған. Ол республикамыздағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіріп, біріктіріп отырды. Ұлттық ғылым академиясы бүгінгі мерейтойын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыру кезеңінде атап өтуде. Қазір бүкіл әлем жаһандық экономикалық дағдарыс және терроризммен күресіп жатыр. Осы орайда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы саяси мәртебесін де айтқым келеді. Ол халықаралық терроризммен күрес жолындағы әлемдік саясатта жаңа бастамаларды қолға алып жүр», – деді ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов.

Мұрат Жұрынов баяндамасында академия бүгінгі таңда Ұлт көшбасшысының таңдаған жолын толық қолдайтынын айтты.

«ҚР ҰҒА мүшелері өз жиналыстарында алғашқылардың бірі болып  конституциялық реформаға үндеуді және экономика мен әлеуметтік саланы үшінші жаңғырту туралы Қазақстан халқына Жолдауды талқылады, ҚР тұңғыш  Президенті және ұлт көшбасшысы жүргізіп отырған жаңа саясатты бірауыздан қолдады. Біздің ғалымдар іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бар күшін салады. Бұл зерттеулер әлемдік деңгейге сай келеді және ғалымдар Қазақстан таяу он жылда әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін аяқталған жұмыстардың өндіріске белсенді енгізілуіне атсалысатын болады»,- деді Мұрат Жұрынов.

ҰҒА президенті  өз баяндамасында академияның негізгі даму кезеңдерін қозғап, ғылым қазақ халқының тарихын, оның аумағы мен мәдениетін зерттеуден пайда болғанын атап айтты. Әбу Насыр әл-Фараби, Қ.А. Яссауи, Дулати, Бируни, сондай-ақ көрнекті ресейлік және еуропалық ғалымдар: И.Криллов, В.Татищев, Г.Миллер және басқалардың еңбектері  оған негіз болған.

http://bnews.kz/kz