Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры, т.ғ.д. Ж.Қ. Қасымбеков шағын СЭС-ке арналған сумен қамтамасыз етілген гидроциклонды тораптардың технологиялық сызбанұсқасын жетілдірді деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Зерттеу барысында гидроциклонның тәжірибелік үлгісі мен сызбанұсқасы және шағын СЭС-тің макеті дайындалды. Жобаны Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы «2012 жылдың ең үздік өнертабысы» деп таныған.


Бүгінде қолданып жүрген бағасы қымбат шағын СЭС тұндырғышын жаңа гидроциклонға алмастырса, аталмыш тораптардың құрылысына кететін шығындарды 25%-дан 7%-ға дейін азайтады.

“ҰМҒТСО” АҚ
Қоғаммен байланыс бөлім

Дереккөзі: nauka.kz