2018 жылдың 16 ақпанында «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, сыншы, шежіреші, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбділхамит Қуанұлы Нарымбетовтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық жаңғыру және жаңа заман әдебиетінің көркемдік поэтикасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияға ғалымның замандастары мен Алматы, Орал қаласы жоғары оқу орындарының профессорлары мен ғылыми-зерттеу институттарының директорлары қатысып баяндама жасап, естеліктер айтты.

Шара барысында, қатысушылар назарына мерейтой иесі жайында түсірілген  деректі фильм ұсынылды. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама көрсетілді. Сондай-ақ, барлық қонақтарға Ә.Нарымбетовке байланысты арнайы көрме де ұйымдастырылған болатын.

Профессор Әбілхамит Қуанұлы – қазақ әдебиеті библиографиясын ғылым ретінде қалыптастарушы. 1917-2007 жылдар аралығын қамтитын «Әдеби өмір шежіресінің» 7 кітабы мен «Қазақстан Жазушылар одағына – 60 жыл», «Қазақстан Жазушылар одағына – 70 жыл» еңбектері осы салаға қосылған үлес.

Профессор Ә.Нарымбетов ұзақ жылдар бойы М.О.Әуезоватындағы Әдебиет және өнер институты, Әл-Фарабиатындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университеті жанындағы филология ғылымының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Диссертациялық Кеңестердің мүшесіретінде 10 ғылым кандидатын, 3 ғылым докторын тәрбиелеп шығарды.

«Жақсыныңаты, ғалымның хаты өлмейді» дегендей, 2008 жылдан берібір неше кітаптары жарық көрді. Шәкірті филология ғылым дарының докторы Гүлжаһан Орданың құрастырған «Ғасыр сыры» зерттеуеңбегін М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, «Әдеби өмір шежіресінің» 6-7 кітаптарын Орталық ғылыми кітапхана шығарды. Отбасы «Әбділхамит Нарымбетов туралы естеліктер» деген кітап шығарды.

Қазіргітаңда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында Әбділхамит Нарымбетов атында кітапхана бар, туған жерінде оның есіміне көшеберілген.