Қазіргі уақытта «Жобаларды басқару» кез келген ұйымның, оның ішінде мемлекетік сектордың басқару ісіндегі маңызды компоненттерінің бірі болып табылады.  Бұл әдіснаманы қолдану бөлімшелердің, мердігерлер мен орындаушылардың қызметін қажетті деңгейде үйлестіруді, жобалық міндеттерді тиімді жоспарлау мен іске асыруды, нәтижеге бағдарлануды қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

2019 жылдың 24 маусымы мен 29 маусымы аралығында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жобалық басқару саласындағы тәжірибелік дағдылар мен құзыреттілікті дамыту мақсатында, ҚР БҒМ ҒК зерттеу институттарының басшылары мен қызметкерлеріне арналған “Жобаларды басқару” тақырыбында семинар–тренинг ұйымдастырды. Іс-шараны Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, ҚР БҒМ ҒК Экономика институты, сондай-ақ ҚР БҒМ ҒК “Ғылым ордасы” РМК бірлесе ұйымдастырды. Семинар сабақтарында бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру және іске асыру кезінде жобалық тәсілді қолданудың теориялық және практикалық аспектілері баяндалды, жобаларды басқарудың негізгі процестері туралы түсінік берілді.