ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК-да Ғылым мен білім интеграциясы жобасы аясында білім алған магистратура түлектеріне диплом тапсыру рәсімі 2019 жылдың 9 шілдесінде өтті.

Ғылым мен білім интеграциясы жобасы 2014 жылы «Ғылым ордасы» РМК-да ғылыми кадрлар даярлау орталығы базасында іске қосылды. Оның негізгі міндеті жаратылыстану-ғылыми және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша магистранттар мен PhD докторларын дайындау болып табылады.

Іс-шараны экономика институтының директоры, академик, профессор А. Сатыбалдин құттықтау сөзбен ашты. Құттықтау сөзі барысында академик ғылым мен білім интеграциясы жобасын жүзеге асыру жылдары айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Жыл сайын отандық және шетелдік басылымдарда, сондай-ақ импакт-факторы бар рейтингтік журналдарда қазақстандық ғалымдардың жарияланымдық белсенділігі артып келеді, магистранттар мен PhD докторанттары ғылыми тағылымдамадан өтетін шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының білім беру базасы кеңейтіледі.

Осы жылы 87 түлек зерттеу институттарының директорлары мен ғалымдарының қолынан магистр дәрежесін беру туралы дипломды салтанатты түрде алды. Іс-шара шеңберінде үздік түлектермен оқытушыларға алғыс хаттармен құрмет грамоталары табыс етілді.