Қазақстанда ІТ мамандарын оқытатын үздік 10 жоғары оқу орнының пулы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінде елімізде IT-маман даярлайтын 2 мамандандырылған жоғары оқу орны бар. Олар үздік халықаралық әріптестермен бірге оқу бағдарламаларын дайындауда. Сонымен қатар үздік 10 жоғары оқу орнының пулы құрылды. Олар да өз оқу бағдарламаларын халықаралық университеттермен бірге дайындаған. Осы жоғары оқу орындары IT-мамандарды оқыту жүйесінің өзегі болады. Сол себепті, жоғарыда аталған тәжирибені еліміздің басқа да оқу орындарында енгізуді қажет деп санаймыз», – деді Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында. Министрдің айтуынша, елімізде болашақ мамандарды даярлау бойынша тиімді тәсілдер енгізіліп жатыр. «Цифрлық дағдыларды меңгерген аудиторияны қамту үшін барлық өңірде бағдарламалау мектептері сияқты түрлі бастамалар енгізілген. Оның ішінде «тіпті дағдысы жоқ» адамдарға арналған бағдарламалар енгізілген. Келесі кезең – IТ-нарығының өз бағдарламалары. Мысалы: Билайн, Каспи банк, Чокофэмили сияқты компаниялары өз бастамаларын енгізді. Сонымен қатар, индустриядағы IТ дағдысы бар middle және senior manager буынын дайындау. Бүгін де оларды Аlem және QWANT инновациялық мектептері даярлап жатыр. Мұндай мектептердің тиімділігі халықаралық тәжірибеде танылған. Сондықтан біз Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында (IT-компаниясы барынша көп қалалар) осындай ІТ мектептерін көбейтуді ұсынамыз», – деді ол.

Осы категория бойынша: « Келер жылы «Цифрлық сауат» пәні 1-сыныптан бастап оқытылады 2030 жылға қарай Қазақстанда жаңа формациядағы мамандар дайындалады »

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/405954-elimizde-it-mamandardy-o-ytatyn-zdik-zho-ary-o-u-oryndaryny-puly-ryldy