Биыл Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары — Астана қаласына 20 жыл толды. Осы ретте, 2018 жылдың 3 шілдесінде «Аманат» киноклубының ұйымдасыруымен «Ғылым ордасының» кинозалында Астана күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Аталған шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибатырова Ғайникен апай ашып, әріптестерін мерекемен құттықтады. Астананың тарихы және даму кезеңдері жөнінде деректі фильм көрсетілді.