Абайдың 175 жылдығына арналған 27 килограмдық кітап Шығыс Қазақстан облысы, Қарауыл ауылындағы М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханаға тарту етілді. Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің ақпараты бойынша Шымкент қаласындағы №1 жалпы орта кешкі мектебі жасап шығарған.

 

«Кітапты кез-келген адамның оқып, көруіне мүмкіндік бар», – дейді Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы ішкі саясат бөлімінің бастығы Бурхан Мұратов. Бүгінгі таңда басылым Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Оның биіктігі – 122 см, ені – 90, парағының қалыңдығы – 2-3 см. Кітаптың мұқабасы винилден жасалған. «Біз кітапты Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында көпшілік назарына ұсынуға дайынбыз», – деп атап өтті М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхана директоры Дина Камал.

 

Бірегей басылымның тұсаукесер рәсімінен кейін көрермендер ұлы Абайдың өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

 

 

 

Авторы: Әсел Күшенғалиева

https://kazakh-tv.kz/kz/view/culture/page_215119_abaidyn-kara-sozderi-kazakstannyn-rekordttar-kitabyn