НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ  ЖӘНЕ БАСПАГЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ

ТҮРКІ ТІЛДЕС  ЕЛДЕР, 2019, №1 (29)

Әбдіғали Бекішев, «Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар музейінің ғылыми қызметкері, Алматы қаласы.

Аннотация

Данная статья посвящена изучению роли казахской интеллегенции в 20-30-х годах ХХ века, а также становлению и развитию национального книжного дела. Особое внимание уделяется рассмотрению роли Назира Торекулова в организации Центрального издательства народов СССР в 1922-1928 годах и его вкладу в процесс латинизации и реформации казахской письменности.

Summary

This article is devoted to the study of the role of the Kazakh intellectuals in the 20s and 30s of the 20th century and to the becoming and development of the national book publishing. Particular attention is paid to the role of Nazir Torekulov, who organized the Central Publishing House of the USSR People in 1922-1928 and to the his contribution to the process of Romanization and reformation of the Kazakh writing.

Берілген мақала ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының рөлін, сонымен қатар ұлттық кітап баспа ісінің нығаюы мен дамуын танып білуге арналған. Басты назар 1922- 1928 жылдардағы Нәзір Төреқұловтың КСРО халықтарының Кіндік баспасын ұйымдастыруындағы рөліне әрі оның қазақ жазуын латындандыру мен реформалауға қосқан үлесіне берілген. Отандық ғылым 1920-1930 жылдарда қазақ зиялыларының мұраларын зерттеп, зерделеуде аз жұмыс атқарған жоқ. Оның дәлелі еліміз егемендік алған кезеңнен бастап жарық көрген зиялылардың еңбектері, оларға арналған зерттеулер, монографиялар, ғылыми жинақтар, мақалалар. Дегенмен осы уақытқа дейін аз зерттелген мәселенің бірі – қазақ зиялыларының ұлттық кітап баспа ісінің дамуына қосқан ролі. Осы кезеңде мәдени құрылыс пен оқу-ағарту ісінің негізгісі – баспа ісін ұйымдастыру, халықты кітаппен қамтамасыз ету болды. Бұл жылдары – кітап баспа ісі тарихының күрделі кезеңдерінің бірі. Бұл кезеңде көпшілік кітапханалар, мемлекеттік жаңа баспалар ұйымдастырылды. Осы жылдары қазақтың демократиялық интеллигенциясының аса көрнекті өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері болуымен қатар ұлттық баспа ісінің іргетасын қаласты. Осы жылдары қазақ ғылымы мен мәдениетін дамытуға және ұлттық руханият бағдарламасын жасауға Н.Төреқұлұлы да тікелей атсалысты. 1922 жылы Нәзір Төреқұлұлы Мәскеуге шақырылып Күншығыс баспасын басқару ұсынылды. Бұл оған деген зор сенім болатын. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында бірқатар республикаларда баспа жұмысы дами қоймады. Осыған орай жергілікті үлттық баспалардың дамуымен қатар, Мәскеуде үлттық кітаптарды басып шығаруды ұйымдастыру қажеттілігі туды. 1922 жылы 14 желтоқсанда ВЦИК және СНК Күншығыс баспасы туралы бірлескен қаулы қабылданды [1]. Бұл құжаттың түпнұсқасы орыс тілінде жазылған. Онда баспаны ұйымдастыру жөніндегі шешім былай деп тұжырымдалған: «Выполняя постановление Совнаркома, малая коллегия Наркомнаца 20 декабря 1922 года поручила» т.т. Бройдо и Атабаеву пересмотреть положение о Восточном издательстве и в случае отсутствия разногласий у них считать это постановлением коллегии». Тогда же было утверждено и правление издательства в составе т.т. Тюрякулова, Атабаева и Алиева [2]. Орталық Шығыс баспасының негізгі мақсаты шығыс кеңестік республикалары мен автономиялық облыстардың еңбекшілері үшін ана тілінде кітаптарды басып шығару және сол арқылы олардың қоғамдық —мәдени дамуына ықпал ету болды. Ұйымдық тұрғыдан баспаға 2 нәрсені шешу міндеттелді: 1) қайталанбаушылықты болдырмау мақсатында шығыс тілдеріндегі әдебиетгерді басу жөнінде барлық Халық комиссариаты мен орталық мекемелердің іс-әрекетін өзіне шоғырландыру; 2) жүйелік пен жоспарлыққа қол жеткізу мақсатында республикалар баспаларының жұмысын үйлестіру. Баспада 8 редакциялық бөлімшелер құрылды: 19 қырғыз, қазақ, татар-башқұрт, өзбек, әзербайжан, түрік, удмурт және бурят-монғол [3]. Осыдан басқа коми және қалмақ тілдерінде кітаптар басылып шығарылды. Секция ұйымында 4 адамға дейін қызмет етті. Баспаның жұмысына басшылықты жалпы редакциялық кеңес жүргізді. Баспаның Мәскеуде “Қызыл шығыс» атты өз типографиясы мен дүкені болды. Баспахананың материалдық базасы біршама дұрыс еді: көп мөлшерде шығыс кәріптері болды, сондай–ақ батыс халықтарының кәріптері де жинақталып, аз ғана уақыт ішінде көптеген күрделі тапсырыстарды орындады. РКП/б/ Орталық комитетінің арнайы құрылған комиссиясы баспа ісіне қатысты біршама іс-шараларды іске асыру қажеттілігін дұрыс деп тапты: Шығыс баспасын кадрлармен күшейту, шығынды өтеу мақсатында арнайы қаржы бөлу, баспаның негізгі күшін саяси-қоғамдық, көркем-әдеби және техникалық кітаптарды басуға жұмылдыру, баспалардың бір бөлігін (әсіресе мерзімді) республикаларға ауыстыру туралы ұсыныс жасалды. 1923 жылдан бастап осы Күншығыс баспасының жанынан «Темірқазық» атты журнал шыға бастады. Бұл журналды ұйымдастырушы оның жауапты редакторы да Нәзір Төреқұлұлы болатын. Журналда қоғамдық-саяси мақалалардан бастап, әдеби-мәдени дүниелерде көптеп жарияланды. Басылым әсіресе ауыз әдебиетіне, ұлт мәдениетінің классиктеріне көбірек орын беруге тырысты. Қазақтың мақал- мәтелдері, жұмбақтары мен жаңылтпаштары, арнау-толғаулары, жоқтау өлеңдері осы журналда жарияланып, кейіннен жеке кітап ретінде шығарылды. Журналдың айналасына Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ғ. Тоғжанов секілді қазақтың танымал зиялылары топтасты. Олар басылымның сапасын арттыруға көп күш жұмсады, маңызды тақырыптарға мақалалар жазды. «Темірқазық» журналының бірінші нөмірінде «Күншығыс баспасөзі басқармасы» деген мақалада «…алдымен елдің көгеруіне, терезесі тең болып теңелуіне керек шарттың бірі ел бастайтын оқығандарының көп болуы керек. Саналы білімді болуы керек. Ендігі заманның құбылысы өнер-біліммен ғана шектеледі…», – деп жалпы жұртқа сөз арнаған. 1923 жылы Орталық, Батыс Ұлттық баспасы құрылды. Оның құрамында неміс, поляк, еврей секциялары болды. 1924 жылы мамыр айында жоғарыда көрсетілген баспалардың бірігуі арқасында КСРО халықтарының Орталық баспасы (Центроиздат) қүрылды [4]. Бұл баспаның ұйымдастырушысы және басқарушысы Нәзір Төреқұлұлы еді. Баспаға ұлттық тілдерде мерзімді және мерзімсіз қоғамдық саяси, ғылыми, оқулық әдебиеттерді жарыққа шығару міндеттелді. 1925 жылдың өзінде Орталық баспа 25 тілде, 1931 жылы 97 тілде кітаптар шығарды. Кітаптар индоевропалық, түрік-фин, Солтүстік казказ, монғол тілді ұлттар үшін шығарылды. Кітаптар теру үшін орыс, латын, араб, армян әріптерін пайдаланды. 1925 ж. баспаның жанынан білікті ұлттық баспахана мамандарын даярлау үшін кәсіби мектеп ашылды [5]. Орталық баспа әмбебаб баспаға айналды. Ол бірнеше тілдерде әліппелер, оқулықтар, қоғамдық-саяси, ғылыми көпшілік,ауылшаруашылық, көркем, балалар, жас өспірімдер жане т.б. әдебиеттерді шығарды. Әртүрлі мәселелерге арналған кішігірім кітапшалар шығаруды тәжірибеге айналдырды. Олардың бағалары өте төмен (2-5 тиын), таралымы көп болды (10–20 мың) [6]. Дегенмен де, Орталық баспа оқулық әдебиетерді шығаруға (көбінесе бастауыш мектептер үшін) баса назар аударды. Осы мақсаттарын жүзеге асыру үшін Мәскеуде Орталық баспаның арнайы типографиясы құрылды. Бастапқы кезде ол кішігірім баспахана болса, 1925 жылы ірі кітап фабрикасына айналды. Оның жанынан терушілер мектебі ашылды. Онда 22 үй өкілдері білім алды [7]. Бұл жерде Орталық баспа мен оның бөлімшелері үшін ғана емес сонымен қатар республикалардағы ұлттық баспалар үшін де кадрлар даярланды. Шет ел баспасөзі фин-угор және түрік тілдеріндегі кітаптардың жарыққа шығуын ерекше мәдени оқиға ретінде бағаланды. Баспада 20 ұлттың өкілдері жұмыс істеді. Кітаптар үнді-европалық ұлттар топтарының тілдерінде, фин-ұйғыр, Солтүстік қавказ халықтарының топтарының тілдерінде, шығыс халықтарының тілдерінде басылып жатты. Кітап басуда бірнеше алфавиттер қолданылды. Мысалы: орыс, латын, араб, армян. 1925 жылы Кіндік баспаханада маманданған ұлттық баспаханалық жұмысшыларын дайындау үшін кәсіптік мектеп құрылды. Кіндікбаспа ғылыми ұйымдардың және ұлттық баспалардың тәжірибесімен алмасу жолымен қатар, сол халықтарда әлі пайдаланылмаған жазуды өңдеді, 20 орфографиясын жеңілдетті жане жақсартты, терминдер өндірді, шрифтісін құйды. Кіндікбаспа әмбебап баспа болды, әліппелерді әр тілде шығарды, оқулықтар, қоғамдық саяси, ғылыми көпшілік, ауылшаруашылық, көркем әдебиеттер, балалар, жасөспірімдер әдебиеттерін, брошюралар, санитарлық және гигиеналық тұрмыстық және мәдени сұрақтарға байланысты әдебиеттер шығаратын болды. Сериялы орыс және ұлттық көркем әдебиеттер басылды. Негізінен, Кіндікбаспа оқу әдебиеттеріне көңіл бөлді. Кіндікбаспа және басқа ұлттардың баспалары оқулықтар және әліппелермен 45 ұлтты қамтамасыз етіп отырды. Көпшілігі бастауыш мектептерге арналған оқулықтар еді. Жан-жақтылық пен көптілділік қызмет Кіндікбаспадан мықты полиграфиялық базаны талап етті, осыған орай арнайы баспахана ашылды. Ол 1925 жылы күрделі кітап фабрикасына айналды. Кіндікбаспаның барлық өнімдері және өнімдерінің бір бөлігі кітап фабрикасында өңделді. Оның жанынан терушілердің орталық мектебі ашылды, онда 22 ұлттың өкілдері оқыды, мұндағы кадрлар тек Кіндікбаспада ғана емес басқа да ұлттың баспаханаларында да қызмет ете алатын болды. Баспа шығыс халықтары үшін кенжелеп дамыған сала. Бұл ретте Нәзір басқарған шығыс халықтары баспасының алатын орны ерекше еді. Нәзір осы жұмыстың басында жүріп, ең алдымен түркі тілдес халықтарын, өз халқының шынайы тарихын, әдебиетін, мәдениетін жарыққа шығаруда зор еңбек сіңірді. Бұл баспада да ол білек сыбана кірісіп, түрік халықтарының тілдерінде алуан түрлі құнды кітаптар шығаруға басшылық етеді. Ерекше бөліп айтуды керек ететін мәселе – Нәзірдің осы кезеңде қазақтың ел ағалары Әлихан Бөкейхановты, Ахмет Байтұрсыновты, ұлы ақын Мағжан Жұмабаевты т.б. шығармашылық қызметке тартып қамқорлық көрсетуі дер едік. 1929 жылы 28 маусым күні Орталық баспаның бес жылдық мерейтойы аталып өтілді. Мәскеуде өткен бірінші бүкілодақтық кітап саудасының кеңесімен тұтас еткен бұл салтанат кітап әлемінің нағыз мерекесіне айналған еді [8]. Баспаның Одақтағы ұлттар үшін маңызы айрықша көмекші оқу базасын құруда елеулі жұмыс атқаратынында еске ала кетсек болар, сауатсыз көпшілікті мәдениетке таратудың бірден-бір таптырмайтын жолы ретіндегі маңызы зор көрнекті құралдарын ұлт тілдерінде көптеп шығаруда. Орталық баспаның барлық кітап өнімдерінің арасында оқулықтардың үлес салмағы бәрінен басым, әртүрлі ұлт тілдерінде арнайы әдебиеттер шығарылуда тыңнан жол салуға тура келеді. Сондай-ақ жаңа түркі (латынша) әліппесін ендіру ісінде Орталық баспа қыруар шаруа атқарады. Олар латын әрпіне негізделген түркі-татар тілдерінде әліппелерді, оқулықтарды және басқа әдебиеттерді басып шығарды. Дәл осы жерде Н. Төреқұлұлының ұйымдастырушылық және журналисттік шеберлігі аса ерекше көзге түседі. Ол орыс тілі мен КСРО-дағы түркі халықтарының тілдеріндегі көптеген кітапты редакциялайды. Кейбір басылымдар оның алғысөздерімен жарияланды. Бұхар революциясының тарихына арналған белгілі тәжік жазушысы Садриддин Айнидің «Бухара инкилобчилары» атты кітабы Н.Төреқұловтың Бұхарадағы оқиғалардың мәселесін біле отырып терең тарихи және саяси баға бере кеткен көлемді алғысөзімен бірге шығады[10]. Үнемі білімге талпынған тұлға ретінде Нәзір мектептегі білім беру мәселелерін өз назарынан тыс қалдыра алмады. Оның жетекшілік лауазымындағы қызметінің әр кезеңінде осы мәселе республика үкіметінің саясатында әрдайым негізгі орындардың бірін иеленді. Бұл бірқатар объективті факторлармен, солардың бастысы Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында төменгі таптың бастауымен мектептің сөзсіз көтерілуі мәселесімен байланысты болды. Республикалық және жергілікті билік органдары іс жүзінде халықтың бастауыш білім алудағы өтінімдерін қанағаттандырып үлгермеді, жаңадан ашылып жатқан мектептерді маман кадрлармен, оқу орындарының қызмет етуіне қажетті қаржылай қаражаттар мен оқыту-материалдық жағдайлармен қамтамасыз ете алмады. Осы мәселелердің барлығы 1925 ж. І Бүкілкеңестік мұғалімдер съезінде қабылданған Төреқұловтың «Ұлт мәселесі мен мектеп» атты баяндамасының қарарында айқын көрініс тапты (Н. Төреқұлов, 3 том. 116-118 бет.). Нәзір Төреқұлұлы орталық баспа басқармасын басқарған жылдары әрбір ұлттың мәдениет саласындағы таңдаулы өкілдерін өз маңына топтастырған. Ол қазақ қана емес, күллі түркі дүниесіне көп қамқорлық жасады, орталық баспа сөйтіп халықтардың мәдени деңгейін өсіруге игілікті ықпалын тигізді. Орталық баспа ұлттық кітап шығарудың пионері, шынтуайтқа келгенде ұлттық басылым- 21 ның тарихы аталмыш баспаның да тарихы саналады. Сол кезде мәдениеттің қауызы жаңа ғана ашылған, өз жазу-сызуы болмаған ұлттардың бар екенін ескерсек бұл баспаның орны тым айрықша бағаланады, әрбір ұлттың мәдениет саласындағы тандаулы өкілдерін өз маңына топтастырған Орталық баспа КСРО халықтарының мәдени деңгейін өсіруге игілікті ықпалын тигізді.

Әдебиеттер

  1. Декрет ВЦИК и СНК об организации Центрального Восточного издательства // Издательское дело в первые годы советской власти. Сб. документов и материалов. – М, 1972 г. – С.

АННОТАЦИЯ Мақалада Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақтас елді мекенінде орналасқан «Әулие» палеонтологиялық қорықшасы, оған кеңестік дәуірде және қазіргі кезеңдегі шетелдік, отандық палеонтолог – мамандар тарапынан жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесі, ғылыми ерекшеліктері туралы айтылады. Басты мақсат – туған өлкемізде әлемдік ғылымда өзіндік орны бар палеонтологиялық объектінің бар екендігін таныстыру және экзогендік және антропогендік процестер нәтижесінде жойылып бара жатқан осы қорықшаны ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру мәселесі қаралады. Кіріспе. Палентологиялык зерттеу объектісі болып негізінен теніз жануарлары мен су өсімдіктерінің қалдыктары табылады. Олар көптеп кездеседі. Ал, тасқа айналған түзілімдерге бай байырғы көлдерді өте аз кездестіреміз. Сондай қызықты, сирек кездесетін және ғажайып, әлемдік масштабтағы объекттің бірі болып юра дәуіріндегі Қаратау көлінің түзілімдері, шөгінді қалдықтары табылады. Ол Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақтас өңірінде орналасқан. Қаратау көлінің ғылыми бағалылығы-оның өзіндік карбонатты шөгінділерінде сақталынып қалған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары. Қаратаудын палеоботаникалық материалдарын әртүрлі кезеңдерде Г.Д.Романовский 139-140.

  1. Книговедение: энциклопедический словарь.– М, Сов.Энциклопедия. 1982.– 585 с.; Назаров А.И. Октябрь и книга. – М., Наука, 1968. – С.333.
  2. Баренбаум И.Е. История книги. Изд. 2.е.2-е.– М, Книга. 1994 г.– С.171.

4.Төреқұлов Н. Шығармаларының көп томдық жинағы. Т.2. Пятилетие Центриздата. – Алматы. «Ел шежіре» ҚҚҚ, 2007 ж.– 62 б.

5.Мансуров Т. Полпред Назир Тюрякулов. – М, Молодая гвардия. 2005 г. – 371 стр.