УДК 343.131

 

 

Кенжебаева Ақмарал Мұратқызы магистрант

Алматы қ. Қайнар Академиясы

 

АННОТАЦИЯ

Целью исследования является теоретический анализ принципа состязательности сторон, возможность его реализации на этапе досудебного судопроизводства в уголовном процессе. Анализируя отечественный уголовный процесс, сделан акцент на этапе досудебного производства, так как именно на данном этапе происходит сбор основных доказательств по делу. Так, на современном этапе доминируют черты розыскного уголовного процесса. Стороне защиты реализовать присущие ей процессуальные функции в полной мере, в том числе связанные с формированием доказательственной базы, в силу законодательных ограничений невозможно. Это связано, прежде всего, с тем, что состязательность подразумевает равные права в процессе доказывания, но ни о каком фактическом равенстве не может быть и речи, когда, на одной стороне находится представитель государственной власти, а на другой – гражданин.

ABSTRACT

The aim of the study is the theoretical analysis of the adversarial principle, the possibility of its implementation in correspondence production in civil proceedings and at the stage of pre-trial proceedings in the criminal process.

Analyzing domestic criminal proceedings, emphasis on the pretrial phase of the proceedings, as it was on this stage, the collection of key evidence in the case. At the preliminary investigation stage is dominated by investigative features of the criminal process. The defense to realize the inherent procedural functions in full, including those associated with the formation of the evidence base, because of legislative constraints, it is impossible. This is due primarily to the fact that the competition is equal rights in the process of proof, but of no actual equality cannot be considered, whereas, on one side is the representative of the government, and on the other a citizen.

Кілт сөздер

Қылмыстық іс жүргізу, жарыспалық қағида, айыпталушы, қорғаушы, дәлелдемелер.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамдар мен азаматтардың құқықтарына басымдық бере отырып, азаматтардың сотта қорғалу құқығын жариялады және әр адамның білікті заң көмегін алу құқығын бекітті [1].

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен мақұлданған, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі құқықтық саясат концепциясында айтылғандай, құқық қорғау институттары жүйесінде азаматтарға заң көмегін көрсету жүйесінің негізі болып табылатын адвокатура жетекші рөл атқарады. Азаматтардың білікті заң көмегін алуға деген конституциялық құқығын іске асыру әділ сотқа қол жеткізудің басты шарты мен кепілдігі болып табылады. Бұл құқықты іске асыру механизмдері жетілдіру жұмыстарын қажет етеді [2].

Айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету қылмыстық үрдістің жарыспалы сипатта болуын талап етеді, себебі сот талқылауын жарыспалы құру және өткізу айыпталушының заңды қорғалуын қамтамасыз етеді.

Тек осы шарт орындалғанда ғана қорғаушы тарап өзінің құқықтары мен мүдделерін талап ету, айыптаушыға сәтті қарсы тұрудың шынайы мүмкіндігіне ие болып, ал сот қызметі болса субъективизмнен, сыңар жақтылықтан ада болады [3].

Жеке адамның дербес құқықтарына, лайықты қорғаудың сақталуына аса мұқият болу қажет, өйткені айыптаушы емес, қорғаушы тарап жарыспалы қылмыстық үрдістің маңызды бөлігі болып табылады.

М.С. Строгович қорғауға «айыптауды жоққа шығаруға, айыпталушының кінәсіздігін анықтауға немесе оның жауапкершілігін жеңілдетуге бағытталған іс жүргізудегі әрекеттердің жиынтығы» деген анықтамаға берген болатын [4, с.108].

Жарыспалы қылмыстық іс жүргізу жалпы алғанда – бұл ауызша, жария, тікелей үрдіс, мұнда айыпталушы үрдіс субъекті, тарап рөлін атқарады. Жарыспалықты, айыптаушы мен қорғаныс арасындағы дауды жоққа шығару іс жүзінде оның қорғалу құқығын мойындамауды білдіреді, себебі ол айыптауды жоққа шығарып, оған сыни пікір білдірусіз мүмкін болмайды [5, с.107].

Жарыспалы іс жүргізу – бұл бір істі әртүрлі көзқарастар тұрғысынан қарайтын білікті заңгер мамандардың құқықтық шайқасы. Дәл осындай талас-тартыс сотқа істің мәні жайлы дұрыс түсінік қалыптастырып, ақиқатты анықтауға мүмкіндік береді [6, с.130].

Жарыспалық қағидасының міндетті шарттарының бірі тараптардың тең жағдайда болуы. Тараптардың іс жүргізудегі теңдігі сот талқылауы кезеңінде де, алдын ала тергеу барысында да айыптаушы және қорғаушы өздерінің позицияларын дәлелдеу, қарсы жақтың позициясына қарсы шығу және жоққа шығару үшін тең іс жүргізу құқықтарын қолдануынан көрініс табады.

ҚПК 64-бабының 9-бөлімі 10-тармағына сәйкес күдікті «дәлелдемелер өткізуге», ал қорғаушы ҚПК 70-бабы 2-бөлімінің 2-тармағына сай заңды көмек көрсету үшін қажетті заттарды, құжаттар мен мәліметтерді жинауға және сотқа өткізуге құқылы. Қорғаушы ҚПК 122-бабының 3-бөліміне сәйкес анықтама, мінездеме және басқа да құжаттарды талап ету, шартты негізде сот сараптамасын жүргізу бастамасын көтеру, шартты негізде мамандарды шақырту, болжамды түрде қылмыстық іске қатысты ақпараттардан хабардар тұлғалардан олардың келісімімен жауап алу арқылы қорғауды жүзеге асыруға қажет деректерді алуға құқылы. Сауалнама барысында алынған мәліметтер тұлғадан қылмыстық үрдісті жүргізуге орган ҚПК бекітілген тәртіпте жауап алғаннан кейін, дәлелдеме ретінде қолданылуы мүмкін. Бұрын сауалнама алынған тұлғадан жауап алу мүмкін болмаған жағдайда мәліметтер тікелей дәлелдеме ретінде қолданылуы мүмкін, сонымен бірге бұрын сауалнама алынған тұлға қолының шынайы екені заңмен бекітілген тәртіпте расталуы тиіс.

Қорғаушы тек «өз дәлелдемелерін» анықтау, тергеу немесе сот органдарына өткізуге құқылы, ал олар (нақты жағдайларда өздеріне қалай тиімді және қолайлы болғанына қарай) аталған мәліметтерді дәлелдеме деп тану немесе танымау туралы шешім шығаратын болады. Осылайша, қорғаушының құқығы бар, ал бірақ оны іс жүзінде қолдану және қажет жағдайда пайдалану мүмкіндігі – жоқ. Осы себепті де дәлелдемелерді жинау бағытында жарыспалық қағидасы іс жүзінде қолданылмайды деген қорытынды жасауға болады.

Мінездемелерді алумен (тұрғылықты жерінен, жұмысынан, жазасын өтеп жатқан орыннан) айыптаушы емес, қорғаушы жақ айналысуы тиіс. Бұл жоғарыда аталған айыптаушы жақ талап ететін мінездемелердің бәрі бастапқыда әділетті емес және ол жерде айыптаушы бағдар, жоқ дегенде бейтараптықтың айқын байқалатынымен байланысты жасалған тұжырым  [7, с. 41].

Лауазымды тұлғалар мен мекемелер адвокатқа заңмен қарастырылған ақпараттарды жинауды қолдау көрсетуі керек. Алайда адвокат, мысалы, мемлекеттік, коммерциялық, дәрігерлік немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қажетті деректердің оған тек өзі жасаған сұраныс негізінде беріле қоймайтынын да ескергені жөн. Мұндай жағдайларда адвокат болжамды құжаттарды алдын ала тергеу органының уәкілетті лауазымды тұлғасы жүзеге асыруы тиіс іс жүргізу іс-әрекеттерінің аясында алу туралы өтінішхат жіберуі керек [8, с. 63].

Іс үшін маңызы бар құжаттарды талап етуге келер болсақ, онда адвокаттардың сәйкес құқығы тек кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың талап етілген құжаттарды берудің корреспонденциялық міндетімен ғана қамтамасыз етілген.

Сәйкес сұраныстарды орындамаған жағдайда (прокурор, тергеу уәкілеттілігіне ұқсас) аталмыш тұлғаларға қатысты көлемді жазалар қолдануды енгізген жөн. Осылайша айыптаушы және қорғаушы жақ арасындағы теңдікке жағдай жасалады, тараптардың теңдігі мен жарыспалық қағидасы қамтамасыз етілетін болады [9, с. 64].

Бұл тұстағы маңызды мәселелердің бірі адвокат жинаған және өткізген заттарды заттай дәлелдемелер ретінде қабылдауға жол беретін норманың жоқтығы. Мұндай норманы енгізу қылмыстық үрдістегі тараптардың тең құқыққа ие болу қағидасын іске асыруға септігін тигізер еді. Сондықтан да тергеу органын үрдіс қатысушылары ауызша да, жазбаша да формада өткізген мәліметтерін, сондай-ақ дәлелдеме болуы мүмкін заттар мен құжаттарын іске тіркеуге міндеттейтін норманы қарастырған дұрыс болар еді [10].

Заттарды қорғаушы іс үшін маңызы бар заттың иесі болып саналатын тұлғаның оны беруге ерікті келісімі болған жағдайда ғана ала алады. Затты алу іс жүргізуде рәсімделуі тиіс. С.А. Тумашовтың пікірінше, бұл қадамды аталған зат иелігінде болған тұлғаның түсініктемесінде затты алу фактін көрсете отырып жүзеге асыруға болады. Түсініктемеде қосымша алынған заттың көлемі мен басқа да ерекшеліктері көрсетілген сипаттамасы болуы керек. Алынған затты қаптап және адвокат және заттың иесі болып табылатын тұлғаның қолдарымен бекіту керек. Тұлға затты беруге келіспесе немесе оны алу мүмкін болмайтын жағдайда, қорғаушы мұндай заттың бар екені жайлы тергеу органына хабарлауы тиіс [11, с. 40].

Қорғаушы жақ үшін маңызды фактілік деректерді іздеу тергеуші жауап алуды аяқтағаннан кейін, сәйкес тергеу іс-әрекетіндегі тұлғаларға қатысты сұрақтар қою формасында жүргізілуі мүмкін. Аталған сұрақтарға берілген жауаптарды іс жүзінде тіркеу өз кезегінде тергеушіге байланысты болмақ, ол барлық қойылған сұрақтарды хаттамаға енгізуге міндетті болуына қарамастан, қорғаушының кейбір сұрақтарын ескерусіз қалдырып кетуі мүмкін.

Мұндай жолмен жиналған мәліметтер тек тергеушінің оларды қылмыстық іс материалдарына қосу туралы субъективті қарауынан кейінге ғана іс жүргізуде маңызға ие болады.

Н.Т. Сарданян орын алған жағдайды шешудің екі жолын ұсынды: 1) материалдарды тікелей сотқа өткізу; немесе 2) қорғаушыға заңды маңызы бар нәтижелерді рәсімдеп, өзіндік «параллель тергеу» жүргізу мүмкіндігін беру [12,с.57].

«Параллель тергеу» – бұл қорғаушының өзінің түйіндерін ақтайтын қорытындыда көрсете отырып, жауапкершілікті жеңілдететін немесе ақтайтын жағдайларды анықтау бойынша «тергеу» іс-әрекеттерін жүзеге асыруы, оның қорытындысы қылмыстық іспен бірге сотқа жіберіледі [13, с.22].

Бұл көзқарасты И.Л. Петрухин де қолдайды, оның пікірінше, егер адвокатураға дербес түрде дәлелдемелерді жинау және сотқа өткізу құқығы берілмесе, шынайы жарыспалы сот үрдісі болмайды [6, с. 137]. А. А. Воронов та адвокатқа өзіне қажетті дәлелдемелерді өздігінен жинау, таңдау және анықтау мүмкіндігін беру қажет деп санайды. Тек осындай жағдай қамтамасыз етілсе ғана жарыспалық қағидасы іс жүзінде қолданыла бастайды [7, с. 41].

М.Э. Романовскийдің пікірі бойынша, адвокаттың дәлелдемелік ақпаратты алуға және өткізуге деген құқықтық статусын әрі қарай да реттеу жұмыстарын жүргізу керек. Сонымен бірге қорғаушы жақ берген барлық деректер айыптаушы тарап оларды дәлелдеме ретінде қабылдамай, дәлелдеу кезінде қолданбағанның өзінде қылмыстық істе сақталуы тиіс. Қорғаушы жақтың дәлелдемелерді өткізу құқығы оларды қылмыстық іске қосу міндетімен үйлестірілуі тиіс, бұл аталған нақты деректерді қылмыстық сот ісін жүргізудің кейінгі кезеңдерінде зерттеуге мүмкіндік береді [15, с. 16].

Сонымен бірге Н. Горя қорғаушының іс бойынша ақиқатты жасыруға әсер етуін болдырмайтын кепілдіктерді қарастыруды ұсынды. Бұл мақсатта алдын ала тергеу құпиясын сақтап және қорғаушыға жауап алынған тұлғалардан дербес түрде жауап алуына тыйым салу ұсынылды. Оның қызметі жауапкершілікті жеңілдететін немесе ақтайтын нұсқаларды ұсынуға және тексеруге, жаңа дәлелдеме көздерін іздеуге және табуға бағытталған болуы керек [13, с. 22].

К.Б. Калиновскийдің де пікірімен келіспеске болмас, ол қорғаушы жаққа дәлелдемелерді жинау, оған қоса параллель тергеу жүргізу уәкілеттілігін беру заңдылық қағидаларына қайшы келеді деген болатын [16, с.18].

Отандық қылмыстық үрдісте дәлелдемелерді жинау сотқа дейінгі іс жүргізу және сот талқылауында тергеу және сот іс-әрекеттерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Біздің пікірімізше, қорғаушының барлық тергеу іс-әрекеттеріне қатысуы және оның іс бойынша бар барлық дәлелдемелерді білуі, бір жағынан, ақиқатты табуға септігін тигізеді, ал екінші жағынан, тергеуді бұрыс жолға бағыттау қаупін туғызады. Сәйкесінше, іс бойынша қорғаушының ақпараттар алу мүмкіндігін шектеудің дұрыс шешім екенін мойындаған жөн.

Тергеу іс-әрекеттерін жүргізу арқылы қорғаушыға дербес түрде дәлелдемелер жинау құқығын беру қылмыстық үрдістің мақсаттарына қол жеткізуде айтарлықтай кедергілер туындатуы мүмкін.

Бас сот талқылауында дәлелдемелер өткізу бойынша іс жүзіндегі тең мүмкіндіктер тек оларды алдын ала тергеуде жинау және іс жүргізуде бекіткен жағдайда ғана мүмкін болады.

С. И. Баркан және М. Пастуховтың да пікірлеріне қосыламыз, олар қылмыстық үрдісті демократияландырып және қорғаушының іс жүргізудегі статусын нығайту үшін:

– тек от талқылауында ғана емес, барлық кезеңдерде жарыспалы қылмыстық үрдіске көшу керек. Алдын ала тергеуде, сот талқылауында, жоғарғы соттарда істі қайта қарау барысында айыптаушыға толыққанды қорғаушы қарсы тұруы қажет;

– тараптардың талас-тартысы қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің басынан аяғына дейін олардың іс жүргізудегі құқықтарының толықтай теңдігінде өтуі керек. Тергеуші де (тергеу барысында), прокурор да (бірінші инстанция сотында және жоғарғы сотта істі қайта қарау барысында) қорғаушы алдында ешқандай басымдыққа ие болмауы керек;

– заң, тергеуші, прокурор, сот тарабынан ешқандай шектеулер қоймастан, қорғаушыға айыпталушыны ақтайтын және жауапкершілігін жеңілдететін дәлелдемелерді дербес жинау құқығын беру керек [17, с. 10].

Басты сот талқылауында іс бойынша ақиқатты анықтау, алдын ала тергеудің барлық кемшіліктері мен олқылықтарын анықтау бойынша барынша қолайлы жағдайлар жасалады. Сол себепті де қорғаушы толық іс жүргізу дербестігіне ие бола отырып, дәлелдемелерді зерттеуге қатысады, айыптаудың мәні және дәлелдік маңызы жайлы, сотталушының жауапкершілігін жеңілдететін және ақтайтын жағдайлар, жазалау шарасы және басқа да сот талқылауында туындайтын мәселелер туралы өз пікірін білдіреді. Осылайша қорғаушы өз қорғауындағы адамның позициясын қорғап, тағылған айыптың негізсіздігін көрсетуге немесе сотталушының кінәсін жеңілдету қажет екенін дәлелдеу үшін бар күшін салады.

Сонымен бірге сот талқылауы алдын ала тергеудің материалдарын тексеруді қамтығанымен де, тек онымен ғана шектеліп қалмайды. Ол, ең алдымен, ақиқатты анықтауды және тұлғаның құқығын қорғауды барынша жоғары деңгейде қамтамасыз ететін процессуалдық формаларда өткізілетін дербес зерттеу болып табылады. Заңды және негізді өкім үшін соттың қалай өткені, айыптаушының да, қорғаушының да көзқарасы тұрғысынан зерттелген, судья хаттамадан емес тікелей өз көзімен көретін дәлелдемелердің маңызы зор [18, с.14].

Тек жарыспалық қана адвокат позициясын нығайта түседі, онсыз әділетті соттың риясыз жүруін елестету де қиын. Қорғау барысында адвокат өз қорғауындағы адамның мүддесін басшылыққа алады. Оның іс-әрекеттері мемлекеттің шынайы, риясыз әділетті сот жүргізуге деген кепілдіктерінің бірі болып табылады [19].

Осылайша, қорғаушының негізгі міндеті дәлелдемелер жинау емес, барлық дәлелдемелерді айыпталушының толықтай ақталуы немесе жауапкершілігінің жеңілденуіне септігін тигізетіндей түрде беру.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1.Конституция Республики Казахстан. — Алматы, 2002. —  44 с.

2.Концепция правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года // Казахстанская правда. 2009. 27 августа.

3.Уголовный процесс: Учебник для вузов/ Под общей ред. Лупинской П.А. —М.: «Юристь», 1995, —544 с.

4.Строгович М.С. Курс уголовного процесса.  — М.,1958,  — 430 с.         5.Ю.И., Ларин А.М., Конституционный принцип обеспечения обвиняемому права на защиту. — М.: Наук а, 1988, —320 с.

6.Петрухин И.Л. Состязательность и правосудие (к 100 – летию М.С. Строговича) // Государство и право, —1994. —№10. — С.128—137.

7.Воронов А.А. О праве адвоката на собирание доказательств // Закон и право. — 2005. — №1. — С. 40—41.

  1. Варфоломеев В.В. Проблемы сбора адвокатом доказательств // Юридический мир. — 2006. — №4. — С.61—65.
  2. Ахпанов А.Н. Реализация принципа состязательности на досудебных стадиях уголовного процесса // Проблемы усиления гарантий прав участников уголовного процесса: мат-лымеждународ. науч. — практ. конф., — Алматы, 17 — 18 февраля 2003.—С.64

10.Кожамжаров Т. Не стряпчий // Юридическая газета. 2005. 25 мая.

  1. Тумашов С.А. Состязательность в досудебном производстве: декларация о намерениях или реальность? // Закон и право. — 2003. — №9. — С.39—41.

12.Сарданян Н.Т. Сторона защиты в состязательном уголовном процессе// Закон и право. — 2008. —№10. — С. 56—57.

  1. Горя Н. Принцип состязательности и функции защиты в уголовном процессе// Советская юстиция. —1990. —№7. —С.22.

14.Романовский М.Э. Равенство прав сторон в досудебном производстве по уголовным делам. Автореф. дисс.. канд. юрид. наук. — Омск, 2006. — 25 с.

  1. Калиновский К.Б. Законность и типы уголовного процесса. Автореф. дис.  …канд. юрид. наук. — СПб., 1999. — 25 с.
  2. Баркан С., Пастухов М. Много ли прав у защитника? // Социалистическая законность. — 1991. — №11. — С.9—11.
  3. Стецовский Ю.И. Принцип непосредственности и право обвиняемого на защиту // Советская юстиция. —1976. —№20. — С.13—14.
  4. Алибаев А. Без адвоката нет состязательности // Юридическая газета. 2005.  25 мая.