Электронды кітап қазіргі таңдағы мәдени феномен

 

Аннотация

Мақалада электронды кітапхана тарихы, қазіргі таңдағы жағдайы және электронды кітапхана дамуының үрдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері талданған.

Электронды кітапхана білім алудажылдам әрі тиімді көмек көрсететін    заманауи құрал ретіндегі рөліне талдау жүргізілді.

Қазіргі таңдағы ақпараттық технологиялар мен әртүрлі ақпарат алмасу, өңдеу және жинақтау саласындағы сапалы өзгерістер ақпараттық ресурстарды сақтау орындарының құрылуына, олардың ұйымдастырылуына сонымен қатар қолданушылардың қол жеткізуіне байланысты түрлі мәселелердің шешімін табуға және жаңа тәсілдер ойлап табуға әкелді. Жалпылама мұндай тәсілдер «цифрлық» немесе «электронды кітапханалар»  ретінде  түсіндіріле бастады. Бұл тәсілдердің дамуы XX ғасырдың соңында басталды.

Электронды кітапханалар күрделі үлестірілген ақпараттық жүйе ретінде әртүрлі ақпаратпен жұмыс істеудің жаңа мүмкіншілігін береді және ғаламдық таратылған білім қоймасының негізі ретінде қарастырылады.

Электронды кітапхана пайда болуы және олардың ортақ тәртібіжайлы алғашқы ғылыми жұмыстарды америкалық В.Буш және Дж. С.Р. Ликлидер жүргізген.

1945 жылы шілде айында В.Буш «Біз қалай ойлай аламыз («Как мы можем думать»)» атты мақаласында жаңа технологияның ғалымдарға ақпаратты жинау,сақтау,іздеу және өңдеу жұмыстарындағы әлеуетті мүмкіндіктерін жазған. Ол ақпарат пен ғылыми зерттеудің өзара байланысын, сонымен қатар жаңа технологияның жасырын әлеуетіннақты көрсетті.

«Болашақтағы кітапханалар» («Библиотеки в будущем») атты  1945 жылғы Дж. С.Р. Ликлидер кітабында электронды кітапхана қолданушыларына шынайы достық қарым-қатынасы тарапында зерттеулері мен бағдарлау жұмыстары тізімделген. Дж. Ликлидер Масачусетс технологиялық институтының қызметкері болған және цифрлі есептеудің кітапхана болашағына әсерін зерттеген.Ол 1994 жылы электронды кітапхананың 30 жылдан кейінгі болашағын болжауға тырысқан. Жалпы мағынада оның болжауы нақтыланды.

Кітапхана мәліметтерін сақтау және өңдеу барысында компьютерлерді қолдану XX ғасырдың 60-жылдарында басталды. 1970-жылдары АҚШ кітапханаларында алғашқы электронды каталогтар пайда бола бастады. Ең алғашқы электронды кітапхана пайда болуы 1971-жылға,яғни Майкл Харт бастамасымен жүзеге асты. Майкл Харт «Гутенберг» жобасын бастаған болатын, оның негізгі мақсаты классикалық ағылшын әдебиеті кітаптарын цифрландыру. Бұл бастама ауқымы кеңейіп, кейіннен 1989-жылға дейін кітаптар қолмен терілсе, сол уақыттан кейін арнайы сканерлер және тану бағдарламалары қолданылды. 1990-жылдардан бастап электронды (цифрлі) кітапхана кітапхана және басылым ортасына қарқынды түрде енгізіле бастады.

Қазіргі таңда кітапхана ісінде қолданушыларға ақпаратты тек дәстүрлі баспа түрінде ғана емес электронды-цифрлі формада ұсынады. Баспа түріндегі ақпарат пен электронды формадағы ақпарат арасында өзара артықшылықтары және кемшіліктері бар. Электронды кітапхана артықшылығы бұрынғы уақыттағы ақпарат жеткізуге қарағанда әлдеқайда ілгері. Сондай-ақ электронды кітапханалар келесі әлеуетті артықшылықтарға ие:

  • Кітапхананы қолданушыға «жеткізеді», яғни ақпарат тікелей қолданушының «жұмыс үстеліне» түседі. Қолдауншы үй жағдайында немесе жұмыс орнында отырып электронды кітапхана қызметін пайдалана алады. Қазіргі кезде электронды кітапхана желіге қосылған компьютер бар жерде қол жетімді;
  • Электронды құжат іздеу және талдау жұмыстарына қатысты баспа құжаттарымен салыстырғанда ыңғайлырақ, себебі құжаттағы әр сөз іздеу өрнегі болуы мүмкін;
  • Басқа қолданушы алған кітапты сіздің ала алмау мәселесін жояды, желіде кітап саны маңызды емес;
  • Қаржылай үнемділікке жол береді. Баспа түріндегі мәліметтерге қарағанда электронды мәліметтерді сақтау және керек жағдайда шығарып алу ыңғайлы;
  • Электронды мәліметтерді сақтау және оған қажетті,жаңа ақпарат енгізу мүмкіншілігі;
  • Электронды кітапханадағы мәліметтер басқа қолданушыға берілу жағдайы, кітаптың реставрацияға немесе қайта өңдеу жұмыстарына жіберілуі сияқты қолжетімсіз қызметтерден сақтайды;
  • Электронды кітапхана қызметтері бойынша әртүрлі ақпарат түрлері (видео,аудио-материалдар,3D –жобалар) қолжетімді;
  • Электронды кітапхана қарапайым кітапханаға бару мүмкіншілігі жоқ жағдайда ақпарат жеткізеді.

Сондай-ақ электронды кітапхана дамуында кемшіліктер де жоқ емес:

  • Компьютер бағдарламаларының тез ескіруі;
  • Веб-сайттардың, веб-сайтта орналасқан электронды ресурстардың қысқа мерзімді жұмыс жасауы;
  • Заманауи ақпарат тасымалдаушылардың қысқа мерзімді қызметі;
  • Қымбат инфраструктура;
  • Интернет желісіне тәуелділік;
  • Авторлық құқық қорғау мәселесі;
  • Электронды кітаптардың ортақ стандартының жоқтығы т.с.с.

Кемшілік тізімін толықтыруды жалғастыра беруге болады алайда қазіргі таңда электронды кітапхана артықшылығы үстем.

Кітапхана жобасында ақпараттық коммуникациялық технологиялардың енгізілуі және дамуы ақпаратты электронды формада сенімді және жинақы сақтауға, кең ауқымды, жылдам таратуға мүмкіндік береді. Баспа формасындағы ақпарттарға қарағанда электронды кітапхана мәліметтерін қашықтықтан көруге және телекоммуникационды технологиялар көмегімен локальді электронды ресурстарға кіруді қамтамасыз етеді.

Электронды кітапхана ақпараттық қызмет аясын кеңейтеді, қызмет көрсету сапасын арттырады. Қолданушыға қажетті ақпаратты компьютер көмегімен жылдам іздеуге, басқа кітапхана басылымдарына кіруге мүмкіндік береді.

Электронды кітапхана дамуы  болашақта қарқынды түрде жалғасатыны анық. Ауқымды және қолжетімді электронды кітапхана құру  –  ақпаратты тиімді пайдалануға, ғылым,техника, мәдениеттің қарқынды дамуына ықпал етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Армс В. Электронные библиотеки. – М.: ПИК ВИНИТИ, 2001. 274 с.
  2. Богданова И.Ф., Богданова Н.Ф. Современные технологии поиска и хранения информации в научных исследованиях: курс лекций. Минск: Ин-т подгот. науч. кадров Нац. акад. наук Беларуси, 2015. 170 с.
  3. «Электронды кітап тиімді ме?» URL:https://aikyn.kz/
  4. URL:http://kazneb.kz/

Нөке Айдана Ғабиденқызы

(Кітапхана технологияларын автоматтандыру бөлімі,программист)