Сауранбаев Нығмет Тінәліұлы  (1910-1958) – қазақ тіл білімінің негізін  салушыларың бірі,  түріктанушы,  филология  ғылымының  докторы, профессор, Қазақ  КСР Ғылым  академиясының  толық мүшесі,  Қазақ КСР Ғылым  академиясының  вице президенті  (1951-1956).  Ол 1910  жылы Жамбыл облысы  Красногорск  ауданы  «Брик»  ауылында дүниеге келген.   1941-1946 жылдары  Қазақ КСР Ғылым  академиясы  филиалының  Тіл,  әдебиет  және тарих Институтының  директоры  болып,  1946-1951 жылдары  Қазақ  КСР Ғылым  академиясының  қоғамдық  ғылымдар  бөлімінің төреағасы  болып,  кейін  1951-1955  жылдары  Қазақ  КСР Ғылым академиясының  вице-президент,  1956-1958 жылдары   Тіл және әдебиет Институтының  трих және диалектология  бөлмінің  менгерушісі  қызметкерін  атқарды.  Н.Т.Сауранбаев  1958 жылы  Алматы   қаласында дүниеден өтті

Ғылыми   қызметіне  қатысты құжаттар:  «Қазақ әдебиеті» (Казахская  литература)   мақаласы,  «Синтаксистік  стилистика»  автограф, «Абай шығармаларының бір томдығы»  алғысөзі,   «Мифологическакя наука  в  Казахстане» мақаласы  (1945), «Абай огсновоположник новой казахской литературы» мақаласы,  «Ұлы ғалым М.В.Ломоносов»  мақаласы,  «Вопросы истории казахского языка»,  «Светлый путь, ясная перспектива советского языкознания»    (1950),  ғылыми еңбектерінің тізімі, баяндамалары, пікірлер, есеп беру құжаттары және т. б.

 

___________________

РГП «Ғылым ордасы»

Ф.14. Оп. 1. Д. 240. Л. 1-18.

Ф. 14. Оп. 1. Д. 241. Л. 1-7.

Ф. 14  Оп.1. Д. 242. Л. 7.

Парменова  Г.Ж.