ЖӘНДІКТЕР ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ

 Біздің планетамыздың жануарлар патшалығында ең көп кездесетін тіршілік иесі- жәндіктер, олардың көпшілігі алғашқы адамның пайда болуынан бұрын өмір сүрген. Қазба қалдықтары девон кезеңінен белгілі. Филогенетикалық шығу тегі көп аяқтыларға жақын, арғы тегі сақиналы құрттар деп есептелінеді. Жер шарында кең тараған 1 млн-дай түрі анықталған, барлығы 1,8 – 2 млн. түрі болуы мүмкін.

Жәндіктер тартымды және таңқаларлық, олар кішкентай және әр түрлі болғандықтан байқалмайды, олар туралы біздің білімдеріміз, өкінішке орай, өте тапшы, бірақ олардың біздің өмірімізге әсері өте зор.

Қоңыздар мен көбелектер, аралар мен  инеліктер, шіркейлер мен шыбындар, тарақандар мен өрмекшілер, құмырсқалар мен шегірткелер – осылардың бәрі  кішкентай тіршілік иелері, оларды кейде біз өміріміздің қарқынына байланысты байқамаймыз. Кез-келген жәндіктің дене көлемі мен табиғаттағы рөлін, мұқият зерттегенде, өте қызықты мағұлматтар аламыз. Осыған орай бізде көптеген сұрақтар туындайды. Өрмекшілер қанша уақыт өмір сүреді? Өрмекшілер тіршілік еткен кезеңінде қанша тор тоқиды? Неліктен шыбынды, масаны ұстау қиын? Аралар мен құмырсқалар, көбелектер бір-бірімен қалай байланысады? Неліктен көркем келбетті көбелектерді зиянкес деп санайды? Шегіртке қалай дыбыс шығарады? Тағы басқада көптеген сұрақтар туындайды.

Жәндіктер қоршаған орта жағдайларына оңай бейімделеді. Жәндіктердің өмірі өсімдіктермен тығыз байланысты. Табиғатта зат айналымда жәндіктердің үлкен маңызы бар. Өсімдіктердің жапырағымен, тамырымен, бұтағымен, жемісімен, тұқымымен қоректене отырып олардың өздері басқа жануарлардың қорегіне айналады. Өсімдік қоректі жәндіктер жаппай көбейгенде өсімдікті зақымдайды немесе жойып жібереді. Кейде жәндіктер зиян келтіреді, және олардың шағуы белгілі бір аурудың дамуына себеп болуы мүмкін. Алайда, олардың барлығы әлемнің биологиялық әртүрлілігінің бөлігі болып табылады  және олардың барлығы бір-біріне тәуелді. Жәндіктер әлемінің алуан түрлілігін, сондай-ақ кейбір түрлердің тіршілік циклын зерттелгендігіне толық сенімді емеспіз. Біздің бүгінгі зерттеу объектіміз әлемдегі жәндіктердің пайдалы жақтарын қарастыру болды. Біз олардың кейбір түрлері туралы қызықты деректерді ұсынамыз.  Өсімдіктердің өмірінде жәндіктердің оң әсері өте үлкен. Жәндіктердің бірі аралар, бал арасы, көбелектер, қоңыздар өсімдіктерді тозаңдандырса, екіншісі  құмырсқалар топрақтың түзілуіне көмектеседі.

Жәндіктер адам өмірінде де маңызы рол атқарады. Адам әр түрлі өнімді алу үшін жәндіктерді ауыл шаруашылыгында, бал шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, медицинада, парфюмерия өндірісінде, жібек шаруашылығында кеңінен қолданады.

Тозаңдандырушы жәндіктер жемістер мен көкөністердің кем дегенде 90 пайызын тозаңдандырады. Кейбір дақылдарды тозаңдандыру үшін арнайы жәндіктерді қажет етеді.

Жербеті тозаңдандырушылар атағын алатын жәндіктердің көптеген түрлері бар: күндізгі көбелектер; түнгі көбелектер; бал және жалғыз жабайы аралар; түкті аралар; гүл шыбындары; қоңыздар және басқалар

Энтомофагтарды өсімдіктерді зиянкестерден қорғау үшін қолданылады. Көптеген жәндіктер, мысалы, инеліктер, алтынкөздер, дәуіттер, ханқызы қоңызы мен аралар көптеген бунақ аяқтылар зиянкестерін жейді.

Жібек шаруашылығында жібек құрттары  жібек жіптерді тоқуға қабілетті. Жәндік Қытайда 3 мың жыл бұрын пайда болды, табиғи жібек пен жібек құрт өсіруде маңызды экономикалық рөл атқарады. Бүгінгі таңда Қытай мен Үндістан әлемдік жібектің екі негізгі өндірушісі болып табылады, жыл сайынғы әлемдік өндірістің 60% құрайды.

Медицинада қолдану

Тұт жібек құрттарының сілекей бездері улы. Шығыстағы медицинада жібек құрттарын эпилепсия, суық тию және кейбір әйелдер ауруларын емдеуде қолданылады. Бұл ұйқыны, тәбетті және жалпы жағдайды жақсартады.

Ара уытын дәрігерлер Қытайда және Грецияда, Үндістанда ежелден қолданған. Ежелгі римдік дәрігер Гален мен рим ғалымы Плиний жаңа дәуірде ара уын емдеуді жараларды емдеуге және ас қорытуды жақсартуға көмектесетін анестезия ретінде сипаттаған. Ара уының ревматизм мен подаграға тигізетін пайдасы туралы алғашқы ғылыми есептердің бірі М.И.Лукомскийге тиесілі.

Ежелгі заманнан бері халықтық медицинада құмырсқа спиртін буындар мен невралгияны емдеуде қолданылады. Г.Попов «Орыс халықтық медицинасы» кітабында (1903) оны дайындаудың ескі әдісін ұсынады.

Тарақандардан дайындалған препараттың фармакологиялық қасиеттері туралы алғашқы ғылыми мәлімет И.Чернышевке тиесілі.

Цикадаларды Қытайда қышыма, абсцесс және сарғаю ауыруларына ем ретінде қолданылады.

Көптеген жәндіктердің уы, олардың белсенділігі жоғары болғанына қарамастан, биология мен медицинада әлі қолданылмаған.

Әзірге жәндіктер шығаратын ең танымал өнім – аралар шығарған бал.

Адам жәндіктердің маңыздылығын ескеріп, пайдалыларын қорғауға және өсіруге, зияндылармен күресуге міндетті.

 

Назымбетова Г.Ш.

Табиғат музейі