Бас қосқан ғалымдар экономистер мен қоғамдық ұйымдар сайлауды қолдайтындықтарын жеткізді. Бұл сайлау жалпы Қазақстанның экономикасына жақсы жағынан әсер етпек деді сарапшылар. 
Алдағы сайлау заң шығару және жергілікті билік өкілдеріне деген сенімді нығайтуға мүмкіндік беріп қана қоймай, мемлекеттің дағдарысқа қарсы стратегиясын әрі қарай тиімді жүзеге асыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, әр қазақстандықтың дауысы маңызды болып табылады. 
«Екі депутаттардың сайлауын өткізген бізге өте тиімді, себебі қазіргі экономикалық күйзеліс кезінде, экономикалық дағдарыс кезіндегі мемлекетімізден бөлінетін бюджеттен бөлінетін шығынды біз қысқартамыз. Қандай дағдарыс болмасын біздің ұлт жоспары бар екенін дәлелдеп отырмыз»,- деді Қазақстан халық Ассамблеясының мүшесі Қазақбай ҚАСЫМОВ.
Парламент сайлауы жұртшылықты жұдырықтай жұмылдырады деп отыр сарапшылар. Жаңа Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттар дағдарысқа қарсы стратегияның жүзеге асырылуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ететін болады. 

«Қазіргі уақытта бұл Қазақстан үшін өте қажетті. Өздеріңізге мәлім, бүкіл әлемді шарпыған дағдарыс Қазақстанға да өзінің салмағын салмай отырған жоқ. Сондықтан қазіргі кезде Ұлт жоспары еліміздің Елбасымыздың  «100 нақты қадам» 

Ұлт жоспарын жүзеге 
асыруда қазір өте тиімді мәселе деп ойлаймыз»,- деді «Ғылым ордасы» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынның бас директоры 
Президент сайлауына қазақстандықтардың 70-80% қатысқан болатын. Кезекті Парламент сайлауынада осындай көрсеткіш болады деген үміт бар.