Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Бүкіл әлемде бұл күні музейлер барлығына есігін айқара ашып және өздерінің көрме залдары мен жаңа экспонаттарын көрермендер назарына тегін, әрі белсенді түрде ұсынады.
Аталған Халықаралық музейлер күні аясында «Ғылым ордасы» РМК Музейлері қалыптасқан дәстүрге сай 2022 жылдың 18 мамырда Ашық есік күнін өткізеді.