Әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Базарбаев Мүсілім Базарбайұлының туылғанына — 95 жыл толып отыр!
Мүсілім Базарбайұлы 1927 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Кекірелі ауылында дүниеге келген.
Профссор білім жолын 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетімен бастап, КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын бітірді.
1948–1951 жж. «Лениншіл жас» газетінде,
1952–1956 жж. Қазақстан КП ОКнде нұсқаушы,
1956–1970 жж. Қазақ КСР ҒАның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары, директоры,
1970–1980 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрі, Сыртқы істер министрі,
1981–1988 жж. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институтының директоры, жетекші ғылыми қызметкері,
1988–1995 жж. бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Мүсілім Базарбайұлы «Əдебиет жəне дəуір: Зерттеулер», «Ерлік пен еңбек дастаны», «Замана тудырған əдебиет: Таңдамалы ғылыми зерттеулер», «Замана тудырған əдебиет: Əдеби зерттеулер мен ой- пікірлер», «Замана тудырған əдебиет: Таңдамалы ғылыми», «Көрікті ойдан — көркем сөз», «Қазақ Совет əдебиеті. 10-класс оқулығы» және «Қаһарлы күндер əдебиеті» сынды еңбектердің авторы.
Аталған еңбектерді «Ғылым Ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхана қорынан оқи аласыздар.