ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен әлемнің екінші ұстазы атанған ғалым, аты бүкіл әлемге мәшһүр ұлы ғұлама, данышпан, энциклопедист Әбу Насыр әл-Фараби бабамызға арналған отандық және шетел фарабитанушылары, ғылым мен өнер қайраткерлері, ЖОО орындарының ұстаздары, жас ғалымдар мен Алматы қалалық білім басқармасы мамандарының қатысуымен «Ғылым мен өнер тоғысқан әл-Фараби шұғыласы» тақырыбында іс-шара өтеді.
әл-Фараби жетпіске тарта кітаптар мен зерттеу жұмыстарын жазып, философия, астрономия, логика, геометрия, музыка сынды ғылым мен өнердің сан алуан түрінің мәселелері талқыланады.
Ғұлама «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі» деп тәрбиеге аса қатты көңіл бөлу керектігін түсіндірді. Оның ғылыми философиялық еңбектерін байыптап, қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол өзінің «Риторика», «Поэзия өнері», «Бақытқа жол сілтеу туралы» трактаттарында этикалық-эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, білім дәрежелерін саралап, солардың негізін дәлелдеп берді. Музыка туралы жазған кітабында музыка өнерін әдемілеп жіктеп, ал «Логика» және «Диалектика» атты шығармасында әлемнің ішкі байланысын, дамуы қандай екенін түсіндіріп, әлемге паш етеді.
Әбу Насыр әл-Фараби шығармашылығымен жақынырақ танысып ғалымның еңбектерін кеңінен насихаттауға бағытталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Іс шара ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының 75 жылдығына және «Ғылым ордасы» РМК «Орталық ғылыми кітапханасының» 90 жылдығына арналады.
Ұйымдастырушы: ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Сирек кітаптар қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімі.
Мекен-жайы: Алматы қ. Шевченко, 28 3-қабат, Мәжіліс залы
Өтетін күні: 19.05.2022
Басталу уақыты: 14:00
Байланыс тел: 8 7272 610270, 8 705 234 18 31