ҚР Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына және “Ғылым ордасы” РМК Орталық ғылыми кітапханасының 90 жылдығына орай Абайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы “Абай дүниетанымын тану мәселесі” атты дәріс сабағын өткізді.
Мекемтас Мырзахметұлы Абай шығармаларын жаңа қырынан талдап, ондағы айтылмай келген шығыстық мәселелер мен Абай мұрасындағы мораль философиясы негіздерін тереңінен түсіндіріп берді. Өмір жолында кездескен ұлы тұлғалар мен ұстаздары туралы қызықты әңгіме өрбітті. Іс шараға келген ғалымдар, жас зерттеушілер мен ұстаздар Абай мұрасына қатысты сұрақтарын қойды. Сөз соңында 94 жасқа келген Мекемтас атамыз ақ тілегін айтып, батасын берді.
Шет ел және Қазақстанның басқа өңірлерінен қатысушылар онлайн Zoom платформасында дәрісті тыңдап, атамызға рахметін айтты.
Бұл іс шарадан әрбір қатысушы өзіне керекті тағылымы мол, рухани азық алды деп ойлаймыз!