Ғылымға апарар жол
Бастапқыда бұл ауыл шаруашылығы және тұқым шаруашылығы ғылыми станциялары болды. 1925 жылы Алматыда тұңғыш санитарлық-бактериологиялық ғылыми институт, ал 1926 жылы Қазақстан үшін Ташкентте ашылды, Алматыда болса тұңғыш жоғары оқу орны – Қазақ педагогикалық институты 1928 жылы ашылды.
1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақ базасы құрылып, ол 1938 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылды, онда 1940 жылдардың басында 100 ғылыми қызметкер, оның ішінде 3 ғылым докторы және 14 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Бұл кезеңде республикада 12 жоғары оқу орны, 11 ғылыми-зерттеу және жобалық-технологиялық ұйым, 2 жобалау институты, 2 ауылшаруашылық тәжірибе станциясы, 6 зауыттық ғылыми-зерттеу және коснтуркторлық бөлімдер, Алматы қаласында ботаникалық бақ және зоологиялық саябақ жұмыс істеді.
1946 жылы 31 мамырда «Қазақ КСР Ғылым академиясын құру туралы» қаулы қабылданды.
Академияның алғашқы құрамына 14 академик пен 16 корреспондент мүше, оның ішінде Қазақстанның көрнекті ғылым, техника және мәдениет қайраткерлері: жазушы Мұхтар Әуезов, химик ғалымдар Әбікен Бектұров пен Михаил Горяев, паразитолог Илларион Галузо, музыкатанушы, композитор Ахмет Жұбанов, геологтар Николай Кассин және Михаил Русаков, лингвистер – түркітанушылар Смет Кеңесбаев пен Нығмет Сауранбаев, систематика және ботаникалық география саласының маманы Николай Павлов, астрономдар Гавриил Тихов пен Василий Фесенков, тарихшы Серафим Юшков кірді.
Мақаланың толық нұсқасымен сілтемеге өту арқылы таныса аласыз!