Орталық ғылыми кітапхана тарихы республикадағы ғылымның дамуымен тығыз байланысты. Тоқсан жыл бойы Орталық ғылыми кітапхана ғылыммен бірге өркендеп, дамыды. Кітапхана 90 жыл ішінде оқырмандардың небір кең ауқымды ақпараттық мұқтаждықтарын еркін, толық қанағаттандыра алатындай, аса ірі ақпарат орталығына айналды. Кітапхана дами келе дәстүрлі классикалық кітапхана деңгейінен шығып, қазіргі кезде автоматтандырылған, жаңа технологияларды игерген электронды, заманға сай кітапханаға айналды.Осыған орай Орталық ғылыми кітапхана қорынан дайындалған виртуалды тақырыптық көрмемен таныса аласыздар.
Абдулаева М.
Бегимбаева А