2021 жылғы 15 желтоқсанда Ғылым ордасы ШЖҚ РМК-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара аясында қызметкерлер кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Сондай-ақ, іс-шара аясында мемлекет игілігі жолындағы көпжылдық жұмысы үшін ерекше наградалармен, мерейтойлық медальдармен марапатталды:
Бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары — Баринов Дінмұхамед Нұртайұлы
Қазақстан ғылымы тарихы мұражайының меңгерушісі — Дуйсембаева Назира Бакировна
Жабдықтау бөлімінің жетекші кітапханашысы — Оразбаева Шара Қылышханқызы.