Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!

Сіздердің назарларыңызға Орталық ғылыми кітапхананың виртуалды көрмесін ұсынамыз.

6 шілде – Елорда күні мерекесіне орай сіздердің назарларыңызға «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы қорынан дайындалған «Еңсесі биік Елорда» атты виртуалды тақырыптық көрмені ұсынып отырмыз.

Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы маусымның 10-да жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде бекітіліп, осы жылдан бастап шілденің 6 Елорда күні ретінде атап өтіледі. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады. 2019 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды.

Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ошағы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы.

Скачать видеоролик

Скачать презентацию