«Ғылым Ордасы» РМК Cирек кездесетін кітаптар музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған «Ұлттық ғылым академиясының тарихынан» атты уақытша көрмесі қойылды. Көрмеде ҚазКСР Ғылым академиясының құрылуы, құрылымы мен құрамы туралы мұрағаттық құжаттар, құрылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейінгі Ғылым Академиясы президенттерінің фотокөшірмелері, сондай-ақ Ғылым академиясының қызметі туралы сирек кітаптар мен материалдарды тамашалай аласыздар.