Иран Ислам Республикасы Елшілігінің Алматы қаласындағы Бас консулы Мохсен Фагани мырза Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» РМК Бас директоры Лейла Абубакирова ханыммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Иран сияқты көршілес, бауырлас екі ел арасындағы ортақ тарихи-мәдени мұраны насихаттау және қорғау жөніндегі ынтымақтастықтың маңыздылығын негізге ала отырып, Қазақстан мен Иранның екі елдің тарихтан тамыр тартқан тарихи-мәдени байланысын арттыра отырып, ғылыми-ағартушылық және мәдени салаларда ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесуге  қатысушылар мәдени мұраны, оның ішінде сирек кездесетін басылымдар мен қолжазбаларды реставрациялау және консервациялау саласын зерттеу бойынша ынтымақтастық орнатып, әрі қарай дамыту және бірлескен мәдени-ғылыми мұраларының көрмелерін, ғылыми конференциялар, семинарлар және т.б. ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.

Сонымен қатар кездесу барысында екі елдің салалас мекемелері арасында (мұражай, кітапхана, ғылыми институттар) әріптестік қарым-қатынас орнатуға, ынтымақтастықты дамытуға дәнекер болу мәселелеріде жан-жақты қарастырылып, келісілді. Иран еліндегі бағыттас мекемелермен «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы мен музейлері мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру бойынша өзара тәжірибе алмасу, тағлымдамадан өту, шеберлік дәрістер өткізу ісінде кеңесші болу, қолдау көрсетуде тараптардың назарларынан тыс қалмады.

«Ғылым ордасы» РМК қызыметімен танысу барысында Бас консул Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының басылымдарымен танысты. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар үшін «Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар музейінің қызметкерлері таныстыру экскурсиясын өткізді. Қонақтар үлкен тарихи, мәдени және ғылыми маңызы бар құнды кітаптар мен көне қолжазбалардың бірегей даналары ұсынылған экспозицияны тамашалады.