2020 жылдың 31 желтоқсанында   ҚР БҒМ ҒК  ғылыми зерттеу ұйымдарының Қазақстандағы ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдарды марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара онлайн  форматта өтті. Марапаттау рәсімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева ашты.

Өзінің құттықтау сөзінде  Жанна Құрманғалиева қазақстандық ғалымдарға ғылымдағы  қажырлы еңбектері үшін, сондай-ақ, жыл ішінде жүргізілген жемісті жұмыстары үшін алғысын білдіріп, өтіп жатқан жылы  қазақстандық ғылымды жаңғыртуға бағытталған маңызды қадамдардың да жасалғанын атап өтті.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлының атынан  медальдар мен алғыс хаттарды «Ғылым ордасы» РМК қызметкерлері де алды: «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі «Ғылым ордасы» РМК Табиғат мұражайының жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Тілеубердина Пируза Абылайқызына табысталды.

«Еңбек ардагері» медалі  «Ғылым ордасы» РМК археология музейінің ғылыми қызметкері, мәдениет саласының үздігі  Бектуреева Роза Әбутәліпқызына табысталды.

ҚР Білім және ғылым министрі  А.Аймағамбетовтың  атынан,   Кітап қорларын жинақтау және есепке алу, каталогтарды ғылыми өңдеу және ұйымдастыру, халықаралық кітап алмасу бөлімінің бастығы Суленова Гүлзахира Тұрсынбайқызына құрмет грамотасы берілді.

«Ғылым ордасы» РМК бас директорының атынан, әкімшілік-экономикалық сектор қызметкері Қарамолдаева Гүльшат Жетібайқызына алғыс хат табысталды.