2020 жылдың 30 желтоқсанында   «Ғылым ордасы» РМК  Табиғат музейінің  зоология залында  «Орман және дала» экспозициясы  табиғат бұрышының ашылу рәсімі болды.

Ашылу рәсімінде «Ғылым ордасы» РМК бас директордың міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Бақытжанұлы табиғат мұражайының ұжымына шығармашылық табыстар тілеп, «Орман және дала» экспозициясы табиғат бұрышының ашылуымен құттықтады.

Сондай-ақ, келер жылы мұражайларды кезекпен қаржыландыру мәселесіде шешімін табатынын жеткізді.

Сонымен қатар Табиғат мұражайының ардагері  Тілеубердина Пируза Абылайқызы да мұражай қызметкерлерін жеткен жетістіктерімен құттықтап,  шығармашыл және  кәсіби шеберліктері үшін барша ұжымға  белсене атсалысқандарына алғыс білдірді.

Археология мұражайының меңгерушісі Ербол Әнуарбекұлы да шара қонақтарын және мұражай қызметкерлерін «Орман және дала» экспозициясы табиғат бұрышының ашылуымен құттықтап сөз сөйледі.

Сирек кездесетін кітаптар мұражайының меңгерушісі Әйгерім Серікқызы да табиғат мұражайының ұжымына толайым табыстар тілеп, алда үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдірді.

3D форматында жасалған бұл экспозицияда негізінен көптеген аң құстардың, өсімдіктердің көптеген түрлері бейнеленіп, ормандағы  тірі табиғат түрінде суреттелген.

Іс-шарада  осы жұмысқа атсалысқан  «F-LINE» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Фархад Таирұлына  «Ғылым ордасы» РМК атынан  алғыс хат табыс етілді.