Бүгін Ғылым ордасында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, сенатор, ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед, 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттарының сайлауы қарсаңында ҚР ҰҒА академиктері және ғылыми-зерттеу институттарының басшыларымен кездесіп, “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, мемлекетіміздің тәуелсіздігіміздің 29 жылында жеткен жетістіктері мен алда тұрған басымды бағыттары төңірегінде пікір алмасты. Кездесу барысында бүгінгі таңда еліміздегі отандық ғылымның дамуы, ғылыми әлеуетті арттыру мәселелері талқыланып, оның қарқынын күшейту бойынша ғалымдар өз ойларымен бөлісті.