Бүгін 2020 жылдың 18 желтоқсанында “Ғылым ордасы” республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа “Nur Otan” партиясынан кандидаттар Айдос Сарым мен Алтынай Көбеева және Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, “Q3 Worldwide” инвестициялық холдингінің бас директоры Қайрат Құдайберген, паралимпиадашы, волейболдан Қазақстан жастар құрамасының капитаны Серік Есматов, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесіп, “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қатысушылардың қызығушылықтарын тудырған түрлі сұрақтарға жауап берді.