9 желтоқсан  Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні болып табылады. Соған байланысты  2020 жылдың  желтоқсаның 9 да «Ғылым ордасы» РМК  бас директордың міндетін уақытша атқарушы,  әдеп жөніндегі уәкіл  Сейдін Нұрлан Бақытжанұлы кәсіпорын қызметкерлерінің арасындағы қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын-алу бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және этикалық ережелерді сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті қолданыстағы заңнамадағы құжаттардың негізгі ережелерін түсіндіру  жұмыстары жүргізілді.

Ұжым арасында «Айдың үздік қызметкері» байқауының жүруіне байланысты, «Айдың үздік қызметкері» конкурсынын әрі қарай жетілдіру мақсатында арнайы комиссия құрылып, талаптарымен ережесін саралай отырып,  толықтырулар енгізілмек.

Сонымен қатар,  Археология мұражайының қызметкері Ақмарал Аманжолқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-әрекеттер жөнінде   презентациялар  арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бүкілхалықтық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша  БҰҰ арнайы  резалюциясы бекітіліп,  сол бойынша жалпыхалықтық  жемқорлықты жою мәселесі  мемлекеттердің,  халықаралық ұйымдардың тарапынан көптеген жұмыстар жүргізіліп отырады.

1998 жылы   ТМД мемлекеттерінің ішінде  Қазақстан  жемқорлық жөніндегі заңды ең алғаш болып   қабылдаған ел болатын.

  Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен   тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев қоры  бірлесе отырып, өткізген конференцияда халықаралық сарапшылар мен елшілер қатысқан  кең ауқымды  пікір алмасу болды.

Жалпы бұл бағыттағы жұмыстар әліде жалғасын табатынын және кәсіпорын қызметкерлерінің арасында жемқорлықтың жойылуына белсенді болып,  біріге атсалысуға шақырды.