«Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар музейі мен Орталық ғылыми кітапханамен бірлесе отырып, 2020 жылдың 7желтоқсанында Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті.

Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы саяхатшы, Ресей Императорлар әскерінің Генералдар штабының офицері. Оның зерттеулері Лондондағы Орыс Императорларының География қоғамының еңбегінде жарияланған . Еуропалықтар үшін беймәлім болып келген Қытай аймағындағы Шоқанның ашқан жаңалықтары сол кездің өзінде-ақ ғалымдардың жоғары бағасына ие болды. Ғалымның артына қалдырған тарих, этнография, құқық, фольклор, география, филология салалары бойынша жазған еңбектері ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазына.

Көрмеде Орталық ғылыми кітапхана қорында сақталған Шоқан Уәлихановтың қолжазбаларының фотокөшірмелері, хаттар  сондай-ақ, ол туралы жазылған кітаптар мен басылымдар насихатталды.

Көрме барысында «Ғылым ордасы» РМК бас директордың міндетін уақытша атқарушы Сейдін Нұрлан Бақытжанұлы  көрменің ашылуымен құттықтап, бұл  бағыттар бойынша әліде жүйелі түрде насихатталып, зерттеле түсетінін айтып өтті.

Сондай-ақ, Мадрид университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты  Самат  Өтениязов –Шоқан Уәлихановты қазақ  әлі толық игеріп, зерттеліп болмаған тұлға,- деп атап өтті. Сондай-ақ қазақ мемлекетінің басқару жолын яғни  демократиялық мемлекет құру керектігін  айтып кеткен  осы – Шоқан болатын. Шоқан –өлмейтін мәңгі тірі тұлға оның айғағы ретінде артына қалдырған мол мұрасы,- деді.

  Сонымен қатар, Халифа Алтайдың  ұлы Абдуррахим қажы  Алтайұлы,     т.ғ.д , профессор  Әбусейітова.М   Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері  Оразов.Р.Е,  Орталық ғылыми кітапхананың меңгерушісі Қаймақбаева Қ.Е  сөз сөйледі.

Шара соңында Абдуррахим қажы Орталық ғылыми кітапхана қорына ислам дінінің шарттарын негіздейтін кітапшаны сыйға тартса,  т.ғ.д,  профессор  Әбусейітова.М  Орталық ғылыми кітапхана қорына Шоқан Уәлихановтың      8 томдық шығармалар жинағын табыс етті.

«Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы» атты жылжымалы көрме 7 нен 11 не дейін жалғасын табады.