2020 жылдың 30 қарашасында «Ғылым ордасы» РМК да ҚР  Тұңғыш Президенті күніне арналған «Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық саясаткер» халықаралық онлайн конференциясы болып  өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.

Шараға  академиктер, отандық және  шетелдік саясаткерлер қатысты.

Сондай-ақ, шарада онлайн түрде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Бірғаным Әйтімова, Қайрат Мәми және Назарбаев университетінің профессор-оқытушыларыда сөз сөйледі.

БҰҰ ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун мырза, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Васильевич  Зась, сондай-ақ басқада шет елдердің ірі саяси тұлғалары  онлайн түрде ізгі ниеттерін жеткізді.

Жиынға қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолынан сыр шертіп, оның Қазақстанның дамуына сіңірген ерен еңбегін саралады.

Қазақстан 1990 жылдарда  егемендігін  алып, еңсесін тіктеген кездегі Елбасымыздың қабылдаған ірі шешімдерінің  бірі 1991жылы 29 тамызда Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қоюы  болатын.

Елбасы Қазақстанның бірлігін, Конституциясын, бейбітшілігін қамсыздандырған, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы болып табылады.

Қысқа мерзім ішінде Қазақстан қанатын кең жайған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырған, өзінің даму жолын тапқан жаңа замаңғы бәсекеге қабілетті ел болып танылды.

Елбасының  сарабдал саясатын бұл күнде қазіргі президентіміз  Қасым Жомарт Кемелұлы сабақтастырып  келеді.

Елбасының жан-жақты жүргізген сындарлы саясатының арқасында бүгінде Қазақстан дамып, бар ғаламға танылды. Қазір еліміз халықаралық деңгейде көптеген іс-шаралар өткізіп, өзін экономика тұрғысынан, мәдениет пен ғылым тұрғысынан да осал еместігін барша әлемге дәлелдеуде.