«Жас мамандар» кеңесінің ұйымдастыруымен  2020 жылдың 30 қарашасында «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында   Алтын Орданың 750 жылдығына арналған, ақын Әділет Ахметұлының «Алтын Орданың аманаты» атты шығармашылық кешін өткізді.

Шығармашылық кештің мақсаты: Ә.Ахметұлының шығармашылығымен танысу, Алтын Орданың 750 жылдығына орай, нәзиралық жолмен аударған   «Жұмжұма сұлтан» атты кітабінің тұсаукесерін өткізу болатын.

Өзінен бұрынғы өткен ақын-жазушылардың шығармаларын өз заманындағы әдеби үрдіске сай, өзіндік қолтаңбасы мен шығармашылық ерекшеліктерін қосып, қайта жырлау(жазу) үрдісі нәзиралық дәстүр болып табылады

Шараға  Орталық ғылыми кітапхананың Ғылыми-библиография бөлімінің бастығы Сымбат Игиликқызы  модераторлық етті.

«Ғылым ордасы» РМК бас директорының міндетін уақытша атқарушы Сейдін Нұрлан Бақытжанұлы мен  Орталық ғылыми кітапхананың меңгерушісі Қаймақбаева Қарлығаш Ескендірқызы құттықтау сөзін сөйлеп, сәттілік тіледі.

Құрманғазы атындағы консерватория студенті Қастер Қабдыл «Әлқисса» күйін орындаса, Майра Бегімова, Дәрия Нұрмұхамбетовалар Әділет Ахметұлының өлеңдерін оқыды.

Филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті Ә.Ахметұлының ұстазы және «Жұмжұма сұлтан» кітабына алғы сөз жазған Сүйерқұл Ботагөз Мырзабайқызы Ә.Ахметұлынының осы еңбегіне пікір білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты текстология бөлімінің мегерушісі, филология ғылымдарының докторы  Тоқтар Әлібек және            М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкері, филология ғылымдарының докторы  Жұмашай Сайлауқызы  жас ақынға өздерінің игі лебіздерін жеткізді.

Бағжан Еренғайып, Қуаныш Рахманұлы сияқты әншілер шараны әнмен айшықтады.

Шара соңында Әділет Ахметұлы қорытынды сөзін сөйлеп, өзінің «Жұмжұма сұлтан» атты кітабын қонақтарға тарту етті.