2020 жылдың  қараша айының 17 күні «Ғылым ордасы» РМК  бас директордың міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Бахытжанұлы  кәсіпорын қызметкерлерінің арасындағы қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын-алу бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және этикалық ережелерді сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті қолданыстағы заңнамадағы құжаттардың негізгі ережелерін түсіндіру  жұмыстары жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың айырмашылығы мен ерекшелігін көрсете отырып, кәсіпорын заңгері Алмас Асқарбекұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен стандарттың құрылымы мен мақсат –міндеттемелерін және алғышарттары жөнінде мағлұматтар берді.

Сонымен қатар,  Археология мұражайының қызметкері Ақмарал Аманжолқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер мен  Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жөнінде   презентациялар  арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі қоғамның үлкен дерті жемқорлықтың жойылуына  септігін тигізетін   қоғамдағы құндылықтар мен  қоғамның демократиялық тұрақтылығы, сенім, заң және әділеттілік принципін ұстану болып табылады

Жалпы бұл бағыттағы жұмыстар әліде жалғасын табатынын және кәсіпорын қызметкерлерінің арасында атаулы бағыттағы жұмыстарға  белсенді болып, атсалысуға шақырды.