Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 12 қарашасында академик Карл  Молдахметұлы Байпақовтың туғанына 80 жыл толуына орай «Ұлы Жібек жолындағы мәдениет пен дін» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Олжас Омарұлы Сүлейменов ашты.

Мәдениетаралық,  конфессияаралық диалогты және діндер тарихын зерттеусіз қазіргі әлемдегі геосаяси үдерістерді түсіну мүмкін емес. Ұлы Жібек жолы мыңдаған жылдар бойы әлемдегі жетекші діндер мен мәдениеттер арасындағы толеранттылық қатынастардың үлгісі болды.Бұл процесстің қайта жандануы –қазіргі заманның маңызды міндеті болып табылады.

Карл Молдахметұлы Байпақов «Мәдени мұра», «Ежелгі Отырардың қайта өркендеуі» атты мемлекеттік бағдарламаларға және Қазақстан археологиясын дүниежүзілік стандартқа шығаруға қосқан үлесі зор.

1987 жылы ЮНЕСКО –ның Бас сессиясында Ұлы Жібек жолын зерттеу бойынша қабылданған Халықаралық жобаға қатысып, ұзақ жылдар бойы Ұлы Жібек жолы тарихын зерттеумен айналысты.  Ғалым дүниежүзілік ғылымға қосқан үлесі үшін ЮНЕСКО медалінің иегері атанды.

«Ғылым ордасы» РМК  Орталық ғылыми кітапханасы Карл Молдахметұлы Байпақовтың туғанына  80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұлы Жібек жолындағы мәдениет пен дін»  тақырыбындағы Халықаралық  ғылыми практикалық конференцияға арнап  ғалым еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды.

Онлайн форматында шетелдік ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. Сонымен бірге отандық ғалымдар, тарихшылар, археологтар, дінтанушылар баяндамалары мен археолог- ғалым туралы естеліктерін ортаға салды.

Сонымен қатар, ғылыми пікір алмасу барысында қазіргі заманғы Орталық Азиядағы діни конфессиялардың күнделікті іс-тәжірейбесіне қажетті саяси  және әлеуметтік шешімдер талқыланды.

Конференцияға отандық және шетелдік танымал ғалымдар,тарихшылар, археологтар, дінтанушылар қатысты.